Популярные темы

Соңғы жаңалықтар қазақша — страница 101

Алматыда ҰҚК арнайы операция жүргізді

Arna Press, 24 февраля 2023 в 20:18

Алматыда ҰҚК арнайы операция жүргізді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында заңсыз қару айналымының жолын кесуге бағытталған арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап.Құзырлы ведомсвто бұл операция алдында ұзақ жедел зерделеу жұмысы жүргізіліп, оқ-дәрімен ататын және өзге де суық қаруды, сонымен қатар оқ-дәрінің сирек кездесетін түрлерін жеткізу мен сату жүйелері анықталғанын, құжатпен бекітілгенін нақтылайды.

Жамбылдық полицейлер заңсыз алтын өңдеу цехын анықтады

Arna Press, 24 февраля 2023 в 19:38

Жамбылдық полицейлер заңсыз алтын өңдеу цехын анықтады
Мойынқұм ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері Ақбақай ауылында орналасқан жекеменшік үйдің қосалқы шаруашылығында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрамында бағалы металдары бар шикізатты заңсыз өңдеу жұмыстарын жүргізетін шағын цехты анықтады.Тексеру кезінде қолдан жасалған ұсатқыш, сынапқа ұқсас сұйықтығы бар 3 пластикалық бөтелке, азот қышқылы бар канистр, жалпы салмағы 116 келі болатын ішінде алтынды кені бар 2 қап табылды және тәркіленді.Осы дерекке қатысты Қр ҚК-нің 295-1-бабы 1-бөлігі (Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде 28 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды.Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша түрдегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал анықталып жатыр.

Ақтөбедегі әскери бөлімде сарбаздың жағын сындырған, ал командирлер дер кезінде көмектеспеген

Arna Press, 24 февраля 2023 в 18:58

Ақтөбедегі әскери бөлімде сарбаздың жағын сындырған, ал командирлер дер кезінде көмектеспеген
Ақтөбедегі әскери бөлімде қатарласының жағын сындырған жауынгерге қатысты қылмыстық іс қозғалды,деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сілетеме жасап.КТК телеранасының хабарлауынша, жәбірленуші мен оны соққыға жыққан жігіт осы артиллерия және ракета бөлімінде отан алдындағы борышын өтеп жүр. Кезекшілікте жүрген жауынгерді қатарласы алғашқыда түйіп өтіп, кейін бөлек бөлмеге апарып аяусыз соққыға жыққан.Басынан жарақат алып жағы сынған сарбазға әскери бөлім басшылары дер кезде көмек бермепті.

Қазақстандықтар Egov порталындағы «Ашық НҚА» заң жобаларына өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік алды

Arna Press, 24 февраля 2023 в 18:58

Қазақстандықтар Egov порталындағы
Қазақстандықтар Egov порталындағы «Ашық НҚА» заң жобаларына өз ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Әділет министрлігіне сілтеме жасап.Енді құжаттарды порталда көрсету кезінде НҚА-ны орналастырудың статусын көрсететін «Жоба» арнайы батырмасы пайда болды. Бұл ҚР Әділет министрлігі және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің бірлескен технологиялық шешімдерінің нәтижесінде мүмкін болды.

БҚО-дағы тікұшақ апатында төрт адам қайтыс болды

Arna Press, 24 февраля 2023 в 12:48

БҚО-дағы тікұшақ апатында төрт адам қайтыс болды
23 ақпанда сағат 15:38-де Орал қаласынан 54 шақырым жерде, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы Чапурино кентінің ашық аумағында «Атырау-Орал-Атырау» бағыты бойынша ұшқан ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы қонуға мәжбүрлі болғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ТЖМ сілтеме жасап.Қатты екпінмен қону нәтижесінде ТЖМ Қазавиақұтқару төрт қызметкері қаза тапты.

Штраф в размере 1600 МРП получит компания ТОО «Қарағанды Су» за сброс сточных вод в реку

EKaraganda.kz, 23 февраля 2023 в 17:25

Штраф в размере 1600 МРП получит компания ТОО
— В ходе проверки факт излива сточных вод в реку Малая Букпа подтвердился, — сообщают в Управлении санитарно-эпидемиологического контроля региона. — При изучении схемы данного района перекреста водопроводных и канализационных сетей ТОО «Қарағанды Су» не установлено. Специалистами Управления организован выход на близлежащие объекты в районе сброса воды, с предпринимателями проведена санитарно-просветительная работа по профилактике инфекционных заболеваний.По результатам проведенной внеплановой проверки в отношении ТОО «Қарағанды Су» был составлен протокол об административном правонарушении в части 1 статьи 425 КоАП РК со штрафом в размере 1600 МРП за сброс сточных вод и отсутствие плана ликвидации аварии. — Руководству ТОО «Қарағанды Су» подготовлено и вручено предписание об устранении нарушений с определением конкретных мероприятий и сроками его исполнения.

Абай облысында «Өнерім саған — Туған ел» атты шығармашылық кеш өтті

Arna Press, 23 февраля 2023 в 15:28

Абай облысында
Семейде күйші Айбек Бекбосынның «Өнерім саған — Туған ел» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Іс-шараға шығармашылық зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.Салтанатты кешті белгілі дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаевтың сүйемелдеуімен «Бибігүл» халық аспаптар оркестрі мен Айбек Бекбосын ашты.Музыкалық кеште танымал «Әлқиса» мен «Күй тартыспен» қоса, белгілі спортшы, бірнеше дүркін «Қазақстан барысы» атанған Айбек Нұғымаровқа арнап шығарған «Айбарыс» күйі де орындалды.Халық алдында осы өңірдің тумасы, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаевамен Секен Тұрысбеков, Дәулеткерей Кәпұлы, Нұркен Әшіров, Данияр Байжұманов өнер көрсетті.Айта кетерлігі, Роза Қуанышқызы Айбек Бекбосын оның шәкірті екенін және оны мақтан тұтатынын айтты.

Абай облысының Үржар ауданында жаңа әуезжай ғимараты салынады

Arna Press, 23 февраля 2023 в 12:08

Абай облысының Үржар ауданында жаңа әуезжай ғимараты салынады
Абай облысының Үржар әуежайы туризмді дамыту мақсатында қайта жаңғыртылуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Әуежайдың ұшып-қону жолағы 1500-ден 2100 метрге, ені 35 метрге дейін ұлғайтылды. Бұл Fokker, Bombardier, Embraer және басқа да осыған ұқсас топтардың ұшақтарын қабылдауға мүмкіндік береді. Ұзындығы 175 м, ені 16 м болатын 2 рульдеу жолының құрылысы жүргізілді.2 әуе кемесі тұрақтайтын перрон бір уақытта 2 ұшақты қабылдауға мүмкіндік береді және 5 қабатты бақылау мұнарасы жаңадан салынды. Әуежайда әуе кемелерін тәулік бойы қабылдау үшін ұшу-қону жолағында жарықтандыру қондырғылары мен бейнебақылау орнату жұмыстары жүргізілуде.

Борышкерлер алимент төлеуден әдейі жалтарады

Arna Press, 23 февраля 2023 в 10:28

Борышкерлер алимент төлеуден әдейі жалтарады
Әділет министрі Азамат Есқараев Батыс Қазақстан облысының халықына есеп беру кездесуінде алимент өндіру осы өңірде ғана емес, бүкіл ел бойынша күрделі мәселелердің бірі екенін айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ведомство басапсөз қызметіне сілтеме жасап.Батыс Қазақстан облысы бойынша барлығы 11 мемлекеттік және 50 жеке сот орындаушы қызмет атқаратынын, атап өтті.

Шымкентте кәмелетке толмаған қызды автобус қағып кетті

Arna Press, 22 февраля 2023 в 18:58

Шымкентте кәмелетке толмаған қызды автобус қағып кетті
Оңтүстік шаһарда қоғамдық көлік кәмелетке толмаған қызды қағып кетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Оқиға 22 ақпанда сағат 10:30-да Байтұрсынов көшесінде болған. Апат салдарынан қыз көптеген дене жарақатын алған. Бұл туралы мегаполистің Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Алаяқтар қазақстандықтарды президент атынан алдап жатыр

Arna Press, 22 февраля 2023 в 18:18

Алаяқтар қазақстандықтарды президент атынан алдап жатыр
Facebook әлеуметтік желісінде «Жомарт-Тоқаев» есімді аккаунт пайда болды. Әлеуметтік желіде Президенттің фейк парақшасы ашылды.Онда ақшалай сыйлықтардың ұтысы ойнатылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Жомарт-Тоқаев» деген Facebook парақшасында жүргізілген ұтыс – алаяқтардың ісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желіде екі-ақ ресми парақшасы бар.

Қазақстанда жолаушылар мен багажды әуе көлігімен тасымалдау ережелері өзгерді

Arna Press, 22 февраля 2023 в 18:18

Қазақстанда жолаушылар мен багажды әуе көлігімен тасымалдау ережелері өзгерді
ҚР ИИДМ 2023 жылғы 15 ақпандағы бұйрығымен Әуе көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, егер ол бекітілген талаптарға сәйкес келмесе, авиакомпания жүкті тасымалдауға қабылдаудан бас тартатыны қосылды, олар:Сондай-ақ алушы авиакомпаниядан әуе кемесі межелі жерге келген, жүк түсірілген және өңделген сәттен бастап жүкті және жүкқұжатты ресімдеуді талап ететіні түсіндіріледі.

Сотрудники ТОО «Қарағанды Жарық» отработали приемы по эвакуации в бомбоубежище

EKaraganda.kz, 21 февраля 2023 в 15:55

Сотрудники ТОО «Қарағанды Жарық» отработали приемы по эвакуации в бомбоубежище
В ходе тренировки отмечалась высокая слаженность в работе органов управления, руководящего состава, рабочих и служащих ТОО «Қарағанды Жарық» по ведению гражданской обороны.К учению привлекались входящие и не входящие в формирования гражданской обороны сотрудники ТОО «Қарағанды Жарық». Были отработаны приемы по эвакуации в бомбоубежище и показаны способы защиты людей в чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера.Изучены приемы защиты рабочих и служащих ТОО «Қарағанды Жарық» от современных средств поражения, стихийных бедствий и производственных аварий.Штабные тренировки проводятся ежегодно.

Бас әскери прокуратура: жыныстық зорлық-зомбылық дерегі расталмады

Arna Press, 21 февраля 2023 в 12:48

Бас әскери прокуратура: жыныстық зорлық-зомбылық дерегі расталмады
Бүгінгі күні билікті асыра пайдалану арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша күдікті ретінде сол заставаның келісімшарт бойынша әскери қызметшісі өтеді. Қылмыстық Іс материалдарына сәйкес ол Б.Мирашты және онымен бірге әскерге шақырылған басқа да мерзімді әскери қызметкерлерді жүйелі түрде психологиялық тұрғыда қорлап, соққыға жыққан, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас әскери прокуратураға сілтеме жасап.«Күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасуда және ерекше бақылауға алынған.

Шымкентте қарулы ер адам атыс ұйымдастырды

Arna Press, 20 февраля 2023 в 18:28

Шымкентте қарулы ер адам атыс ұйымдастырды
Шымкентте қарулы ер адам атыс ұйымдастырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Редакцияға Шымкент көшелерінде қаруланған ер адамның өтіп бара жатқаны және одан басқа адамдар қашқаны түсірілген видео жіберілді. Тағы бір видеода ер адам мен қауіпсіздік қызметкерлері арасында атыс болғаны көрсетілген.Кейін ер адам полиция көлігін көріп, оған шабуыл жасаған.

Абай облысының тұрғындары енді шағымды электронды түрде қалдыра алады

Arna Press, 20 февраля 2023 в 16:08

Абай облысының тұрғындары енді шағымды электронды түрде қалдыра алады
Енді Абай облысының тұтынушылары «Е-тұтынушы» және «Е-өтініш» ақпараттық жүйелері арқылы электронды түрде шағымдарын қалдыра алады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі өңірлің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне сілтеме жасап. Айта кетейік, былтыр «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасы әзірленді.

Пара беруге арандатқан үшін қызметкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Arna Press, 20 февраля 2023 в 13:38

Пара беруге арандатқан үшін қызметкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімшілігін тексеріп, ауылдық округтерінің әкімдерін қылмыстық жауапкершілікке тартумен қорқытып, олардан ақшалай қаражат талап еткен, депм хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Олардың тұрақты түрдегі талаптарынан кейін әкімшілік жұмыскерлері тексерушілерге тексерістің оң шешілуі үшін 400-мыңнан 630-мың теңгеге дейінгі қаражатты беріп, пара беру дерегі бойынша ұсталған.

Қазақстанда зейнетақы өсті

Arna Press, 20 февраля 2023 в 12:38

Қазақстанда зейнетақы өсті
ҚР Еңбек министрлігі ұсынған мәліметке сүйенсек, 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 659 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 878 теңге, базалық зейнетақы – 37 781 теңге, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ал 1 қаңтардағы жағдай бойынша орташа зейнетақы 108 761 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 74 950 теңге, базалық зейнетақы – 33 811 теңге.

Қаржы мониторингі агенттігі Ресей астығын Қазақстан арқылы жалған экспорттағандар туралы айтты

Arna Press, 20 февраля 2023 в 12:38

Қаржы мониторингі агенттігі Ресей астығын Қазақстан арқылы жалған экспорттағандар туралы айтты
Қазақстан арқылы үшінші елдерге одан әрі экспорттау мақсатында ресейлік астықтың сұр импортының сұлбасын ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті анықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, ЖШС-нің бірі 2021-2022 жылдар аралығында Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға 1 миллиард теңгеден астам сомаға 8,3 мың тонна ресейлік астықты экспорттаған.Бұл ретте Қазақстан компаниясы жеңілдетілген экспорттық тарифті алу үшін отандық шаруашылықтардан Қазақстаннан шыққанын растайтын жалған шот-фактураларды пайдаланған.Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бұл транзиттік тарифтен жалтарып, «KTZ Freight Transportation» ЖШС-ға 150 миллион теңгеге жуық шығын келтіруге себеп болды.Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.Сурет: primeminister.kz

FlyArystan кәмелетке толмағандардың құқығын бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін

Arna Press, 18 февраля 2023 в 17:18

FlyArystan кәмелетке толмағандардың құқығын бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін
Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы жолаушылар құқығын сақтау мәселесі бойынша «Флай Арыстан» АҚ авиакомпаниясының қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мысалы, 2022 жылдың қаңтарынан қазан айлары аралығында халықаралық бағыттар бойынша стандартты тарифтер бойынша 3 мыңнан астам кәмелетке толмағандар тасымалданған.«Прокуратураның ұсынуы негізінде Азаматтық авиация комитеті авиакомпанияға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 571-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды», делінген хабарламада.16 ақпанда жиналған материалдар Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен қаралып, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін авиакомпанияны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы қабылданды.Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.Сурет: Zakon.kz

Свыше 300 адмправонарушений зарегистрировали в области Ұлытау за два дня

EKaraganda.kz, 17 февраля 2023 в 21:55

Свыше 300 адмправонарушений зарегистрировали в области Ұлытау за два дня
В целях предупреждения и пресечения преступлений в общественных местах в период с 13 февраля по 10 марта на территории области Ұлытау будет проводиться оперативно-профилактическое мероприятие «Участок». Большое внимание сотрудники полиции уделяют патрулированию населенных пунктов, административных участков и дачных массивов.В рамках ОПМ предусмотрена работа по выявлению иностранцев, нарушивших правила пребывания в стране, контроль за подучетными лицами, проверке и задержанию граждан, незаконно хранящих либо перевозящих запрещенные предметы и вещества.За два дня с начала ОПМ сотрудники полиции проверили более 400 подучетных лиц по месту жительства, выявили 17 фактов нахождения несовершеннолетних вне дома ночью.

Қазақстанда түрік құрылысшылары салған ғимараттар тексеріле ме? Скляр жауап берді

Arna Press, 17 февраля 2023 в 17:38

Қазақстанда түрік құрылысшылары салған ғимараттар тексеріле ме? Скляр жауап берді
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда түрік құрылысшылары салған ғимараттар туралы айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.«Менің білуімше, қазір мұндай тексеру жүргізіліп жатқан жоқ. Әлі жоспарланбаған», — деп жауап берді Роман Скляр.Еске салайық, бұған дейін Румыния премьер-министрі Николае Чукэ Түркиядағы жер сілкінісі фонында елдегі түрік компаниялары салған ғимараттарды тексеруді тапсырған болатын.Фото:elements.envato.com
Показано 30 новостей из 4 822