Популярные темы

Соңғы жаңалықтар қазақша — страница 15

Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасын жеті медальмен аяқтады

Arna Press, 12 августа 2024 в 11:18

Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасын жеті медальмен аяқтады
Франция астанасында өткен ойындарда қазақстандық спортшылар жеті медаль жеңіп алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ел қоржынына жалғыз «алтынды» дзюдошы Елдос Сметов салды, ол 60 келі салмақ дәрежесінде үздік атанды.Қазақстандық атлеттер үш рет тұғырдың екінші сатысына көтерілді.

12 жастағы қызды рейске жібермей қойған

Arna Press, 09 августа 2024 в 23:18

12 жастағы қызды рейске жібермей қойған
12 жастағы қызды рейске жібермей қойған-, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.Жазира бес баланың, егіздер Зауре мен Зере 12 жаста, одан кейінгі тоғыз жастағы егіз ұлдар Алмас пен Нұртас және үш жасар қызы Айбикенің анасы. Олар отбасымен Оралда тұрады.«Туристік бизнеспен айналысқаныма 23 жылдай болды. Әуе компанияларына және қонақүйлерге байланысты мәселелерді реттеп отырамын, бірақ мен мұндай жағдайды басымнан бірінші рет өткердім. Үлкен қыздарым Англияға бірнеше рет ұшып барып жүр.

Грекия аралындағы орманды өртеу оқиғасы: капитан кінәні өз мойнына алды

Arna Press, 09 августа 2024 в 21:18

Грекия аралындағы орманды өртеу оқиғасы: капитан кінәні өз мойнына алды
Грекияның Гидра аралында болған өрт оқиғасы үшін толық жауапкершілікті яхта капитаны өз мойнына алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.«Қамауға алынған капитан өзінің өтініші бойынша 2 тамызда барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, яхтаны жалдаған басқа экипаж мүшелері мен шетелдік мультимиллионерлерді ақтап, қосымша куәлік берді», — делінген басылымда.Kathimerini басылымының мәліметінше, капитан теңіздегі жартасқа орналастырған және ұшырған 15 отшашуды сатып алғаны туралы куәлік берді.

Қазақстанда айыппұлдың кейбір түрінің мөлшері 10 есе өсуі мүмкін

Arna Press, 09 августа 2024 в 20:18

Қазақстанда айыппұлдың кейбір түрінің мөлшері 10 есе өсуі мүмкін
«Ашық НҚА» порталында жарияланған әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар туралы құжатта айыппұлдардың жаңа мөлшері көрсетілген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.Ұсынылған түзетулерде «жер асты суларына бақылау және режимдік ұңғымаларды, су объектілеріндегі байқау режимдік жармаларын, су қорғау немесе су шаруашылығы белгілерін, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылығы белгілерін, маркшейдерлік, геодезиялық пункттер мен белгілерді жойғаны немесе бүлдіргені» үшін айыппұлдарды 10 есе ұлғайту керек делінген.Айыппұлдың қазіргі мөлшері:жеке тұлғаларға — 5 АЕК;лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілерге немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 30 АЕК;орта кәсіпкерлік субъектілерге — 70 АЕК;ірі кәсіпкерлік субъектілерге — 100 АЕК.Қалай өзгереді?жеке тұлғаларға — 50 АЕК;лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілерге немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 300 АЕК;орта кәсіпкерлік субъектілерге — 700 АЕК;ірі кәсіпкерлік субъектілерге — 1000 АЕК.Еске салайық, 2024 жылы бір АЕК мөлшері 3692 теңге.Су объектілерін басқаны үшін салынатын айыппұлдарСуға мемлекеттік меншік құқығын бұзу туралы бапқа айыппұл мөлшеріне қатысты өзгерістер енгізу ұсынылады.Айыппұлдың қазіргі мөлшері:жеке тұлғаларға — 30 АЕК;лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілерге немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 40 АЕК;орта кәсіпкерлік субъектілерге — 60 АЕК;ірі кәсіпкерлік субъектілерге — 260 АЕК.Қалай өзгереді?жеке тұлғаларға — 150 АЕК;лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілерге немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 200 АЕК;орта кәсіпкерлік субъектілерге – 300 АЕК;ірі кәсіпкерлік субъектілерге — 1300 АЕК.Бұзушылықтың тұжырымдамасы да өзгереді.Дейін:«Су объектілерін заңсыз басу, оның ішінде сарқынды және басқа да суларды ағызу, суды заңсыз пайдалану, су пайдалану құқығын басқаға беру, сондай-ақ суға мемлекеттік меншік құқығын бұзатын тікелей немесе жасырын нысанда басқа да мәмілелер жасау».Кейін:«Су қорын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын бұзу (сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту, кепіл беру және мемлекеттік меншік құқығын беруге әкеп соғатын басқа да мәмілелер жасау)».Суды мақсатсыз пайдаланғаны үшін салынатын айыппұлдарСу ресурстарын мақсатсыз пайдалану туралы тармаққа айыппұл мөлшеріне қатысты өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.Айыппұлдың қазіргі мөлшері:жеке тұлғаларға — 10 АЕК;лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілерге немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 20 АЕК;орта кәсіпкерлік субъектілерге – 30 АЕК;ірі кәсіпкерлік субъектілерге — 170 АЕК.Қалай өзгереді?жеке тұлғаларға — 50 АЕК;лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілерге немесе коммерциялық емес ұйымдарға — 100 АЕК;орта кәсіпкерлік субъектілерге — 150 АЕК;ірі кәсіпкерлік субъектілерге — 850 АЕК.Бұзушылықтың тұжырымдамасы да өзгереді.Дейін:«Лимиттерді бұзу арқылы су алу, рұқсат етілген көлемдерден асып кету, суды пайдаланудың белгіленген режимдерін сақтамау, гидротехникалық жұмыстарды заңсыз жүргізу, су объектілерінен өндірілген немесе бұрылған жерасты және жер үсті суларын ұтымсыз, мақсатсыз пайдалану».Кейін:«Арнайы су пайдалану құқығының болмауы, су ресурстарын мақсатсыз пайдалану, су пайдаланудың рұқсат етілген көлемінен асып кету, бекітілген су режимін және арнайы су пайдаланудың басқа да шарттарын сақтамау».Фото: depositphotos.com

Рейстер кешігуі мүмкін: Астанада жауған бұршақ 4 ұшақты зақымдады

Arna Press, 09 августа 2024 в 18:58

Рейстер кешігуі мүмкін: Астанада жауған бұршақ 4 ұшақты зақымдады
Air Astana әуекомпаниясы рейстердің кешігуі мүмкін екендігі туралы хабарлады. Әуежайда дауылдың салдарынан төрт ұшақ зақымдалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап7Әуе тасымалдаушысының мәліметінше, рейстер 8 тамызда Астанадағы дауыл мен бұршақ салдарынан кешігеді.«Қазіргі уақытта әуекомпания бұршақ салдарынан төрт ұшақтың зақымдануын тіркеді. Әуекомпания инженерлері бірнеше күн қажет болатын қажетті тексерулер мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді», – делінген хабарламада.

Су тасқынынан зардап шеккен қанша қазақстандық жаңа үй алды?

Arna Press, 09 августа 2024 в 01:08

Су тасқынынан зардап шеккен қанша қазақстандық жаңа үй алды?
Су тасқынынан зардап шеккен 5 239 отбасыға арнайы салынған және сатып алынған үйлер мен пәтерлер берілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасапҚираған баспанасының орнына 4769 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. Сонымен қатар, зардап шеккен өңірлерде 2568 жаңа үйдің құрылысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр, оның ішінде 470 нысан бойынша жұмыстар толығымен аяқталып, тұрғындарға кілттер табысталғаны айтылды.«Солтүстік Қазақстан облысында құрылысы аяқталған 285 үй, Қостанай облысында – 57, Батыс Қазақстан облысында – 80, Ақтөбе облысында – 43 және Павлодар облысында – 5 үй пайдалануға берілді.

Олимпиадада күміс алған қазақстандық боксшы мен балуан қанша табыс тапты?

Arna Press, 08 августа 2024 в 23:18

Олимпиадада күміс алған қазақстандық боксшы мен балуан қанша табыс тапты?
Париждегі Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанған қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай мен грек-рим күресінің балуаны Демеу Жадраев 150 мың доллардан сыйақы алады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасапСондай-ақ, 4, 5 және 6-орынға сәйкесінше 30, 10 және 5 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған.Осылайша, күміс жүлдегерлер әрқайсы 72 миллион теңгеге жуық табыс тапқан.

Тоқаев пен Мирзиёев қандай құжаттарға қол қойды?

Arna Press, 08 августа 2024 в 22:08

Тоқаев пен Мирзиёев қандай құжаттарға қол қойды?
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бірқатар құжатқа қол қойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап1. Қазақстан Республикасы Президенті мен Өзбекстан Республикасы Президентінің Бірлескен мәлімдемесі;2. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесінің қазақ-өзбек екіжақты ынтымақтастығын одан әрі дамыту жөніндегі шешімі;3. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесінің Сыртқы істер министрлері кеңесі туралы ережені бекіту жөніндегі шешімі.Сонымен қатар Өзбекстан Президентінің елімізге мемлекеттік сапары аясында мынандай құжаттарға қол қойылды:1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісім;2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы 2006 жылғы 4 қыркүйектегі қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімінің хаттамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;3. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы 2006 жылғы 20 наурыздағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;4. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған іс-шаралардың жоспары;5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;6. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы хаттама;7. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен Өзбекстан Республикасы Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті арасындағы табиғи монополияларды реттеу саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;9. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Өзбекстан Республикасы Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті арасындағы бәсекелестікті қорғау саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;10. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты арасындағы Қазақстан-Өзбекстан сарапшылар кеңесін құру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;11.

Доллар бағамы қайта көтеріле бастады

Arna Press, 08 августа 2024 в 18:28

Доллар бағамы қайта көтеріле бастады
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 8 тамызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz. сайтына сілтеме жасапСауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,23 теңгеге көтеріліп, 477,14 теңгені құрады.Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 66,55 теңгеге (+0,47) дейін көтерілді.Ақша айырбастау орындарында доллар 475,7-477,7 теңгеге, еуро 520,5-524,5 теңгеге, ресей рублі 5,39-5,49 теңгеге сатылуда.Сонымен бірге, 8 тамыздағы аукционда әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында қазан айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,29%-ға арзандап, барреліне 78,10 долларды құрады.NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 0,19%-ға төмендеп, барреліне 75,09 долларды құрады.Ұлттық банк бұған дейін доллар бағамын 475,62 теңге, еуроны 519,23 теңге, рубльді 5,52 теңге деп белгілеген болатын.

Шавката Мирзиёева наградили орденом Алтын Қыран

kapital.kz, 08 августа 2024 в 16:06

Шавката Мирзиёева наградили орденом Алтын Қыран
Фото: пресс-служба АкордыПрезидента Узбекистана Шавката Мирзиёева наградили высшей государственной наградой Республики Казахстан – орденом «Алтын Қыран». Орден вручил глава РК, сообщает пресс-служба Акорды. «За годы суверенного развития между двумя государствами налажено всестороннее партнерство и стратегическое союзничество, сформирована солидная договорно-правовая база, полностью завершено оформление границ.

Сәтсіз селфи: Өскемен тұрғыны суретке түсемін деп көпірден құлап кетті

Arna Press, 07 августа 2024 в 23:18

Сәтсіз селфи: Өскемен тұрғыны суретке түсемін деп көпірден құлап кетті
Өскемен тұрғыны селфи жасамақшы болып, Үлбі өзеніндегі көпірден құлап кетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. ,Оқиға туралы полиция мен құтқарушыларға дүйсенбіде сағат 22:30 шамасында хабарланған.«Алайда арнайы қызмет келгенге дейін қала тұрғыны жағалауға өз бетімен шыққан», — делінген ШҚО полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.Қыздың денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ол дәрігерлерге тапсырылған.

Олимпиаданың аяқталуына бес күн қалды: медаль көрсеткіштері бойынша көш басында кімдер тұр

Arna Press, 07 августа 2024 в 21:48

Олимпиаданың аяқталуына бес күн қалды: медаль көрсеткіштері бойынша көш басында кімдер тұр
Париждегі ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының аяқталуына бес күн қалды. Қазіргі көрсеткіштерге сәйкес, бірінші орын үшін АҚШ пен Қытай арасында қызу тартыс жүріп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.Әзірге АҚШ спортшылары көш бастап тұр, олардың қоржынында 86 медаль бар: 24 алтын, 31 күміс және 31 қола.ХОК ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, американдықтардың басты бәсекелестері-Қытай спортшылары-жалпы есептің екінші орынында.

Тоқаев елдің 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекітті

Arna Press, 07 августа 2024 в 20:48

Тоқаев елдің 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекітті
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын бекіту туралы» 2024 жылғы 30 шілдедегі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап өтілгендей, экономикалық өсудің сапалық құрамдас бөлігі негізгі капиталға және еңбек өнімділігіне инвестициялардың еселенген ұлғаюы болады, бұл жоғарғы және орта қайта бөлу тауарлары шығарылымының ұлғаюымен қатар жүреді.«Ресурстарды орнықты пайдаланумен және қоршаған ортаны қорғаумен, сондай – ақ Сот төрелігі мен құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі жақсартумен ұштастыра отырып, мемлекеттің бастамалары әрбір азамат үшін тең мүмкіндіктер жасау арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға және инклюзивті қоғам құруға бағытталатын болады», — делінген құжатта.Жоспарды іске асырудың негізгі қағидаттарыҚұрылымдық жаңару және экономиканың тұрақты өсуі — қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға және Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының мақсаттарын орындауға байланысты болатын іргелі міндет.Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары шеңберінде экономикалық қайта құрулардың негізінде жатқан бес бірізді қағидат айқындалды.

Қазақстанда колледж студенттерінің стипендиясы 50% — ға артады

Arna Press, 07 августа 2024 в 10:28

Қазақстанда колледж студенттерінің стипендиясы 50% - ға артады
ҚР Білім министрі Ғани Бейсембаев 2024 жылғы 6 тамызда өткен Үкімет отырысында колледж студенттері үшін жақсы жаңалықпен бөлісті. Олардың стипендиясы көтерілді, деп хабарлайдыArnapress.kz тілшісі Zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.Спикердің айтуынша, типтік (техникалық және кәсіптік білім беру) жүйеде мемлекеттік тапсырысты ұлғайту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

1 қазаннан бастап коллекторлар жұмысында не өзгереді?

Arna Press, 06 августа 2024 в 22:38

1 қазаннан бастап коллекторлар жұмысында не өзгереді?
Қазанда коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу ережесі күшіне енеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 1 қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 19 маусымдағы ҚР Заңын іске асыру үшін әзірленген Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидалары күшіне енеді.Жаңа қағидаларға сәйкес, коллекторлық агенттік банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алған сәттен бастап 30 күн ішінде борышкерге оның міндеттемені орындау талаптарын өзгертуге өтініш беру құқығы туралы хабарлауға міндетті болады.«Азаматтардың биылғы 1 қазанға дейін сатып алынған берешегі бойынша коллекторлық агенттіктер берешекті реттеу рәсімін өткізу туралы міндет енгізілген сәттен бастап 20 күн ішінде (биыл 1 қазан) өз борышкерлерін міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы тиісті өтініш беру құқығы туралы хабардар етуге міндетті болады», — делінген хабарламада.Борышкер хабарламаны алғаннан кейін кез келген уақытта міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ берешекті реттеудің өз нұсқаларын көрсете отырып, коллекторлық агенттікке тиісті өтінішпен жүгінуге құқылы. Өтінішке міндетті түрде кірістердің төмендегенін және өз міндеттемелерін орындай алмайтындығын куәландыратын растайтын құжаттар қоса берілуі керек.Егер борышкер мәліметтер мен құжаттарды толық көлемде өткізбесе, онда коллекторлық агенттік 10 жұмыс күні ішінде қосымша мәліметтерді сұратады, бұл ретте борышкердің оларды ұсыну мерзімін 5 жұмыс күні деп көрсетеді. Құжаттарды тиісті мерзімде ұсынбау – борышкердің өтінішін қараусыз қалдыру үшін негіз.Толық құжаттар топтамасын ұсынғаннан кейін коллекторлық агенттік өтінішті күнтізбелік 15 күн ішінде қарайды және мыналар туралы:қарыз алушы ұсынған міндеттемелерді орындаудың талаптарына өзгерістермен келісетіні;міндеттемелерді орындау талаптарын өзгерту бойынша қарсы ұсынысы;бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, міндеттемені орындау талаптарын өзгертуден бас тартатыны туралы жауапты ұсынады.«Шешім қабылдау кезінде коллекторлық агенттік борышкерлер санаты (мысалы, ресми жұмыссыз, халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері), қажетті құжаттар тізбесі және борыш жүктемесін азайту жөніндегі шаралар айқындалатын ішкі құжаттарды басшылыққа алады.

Тағы бір жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылып жатыр

Arna Press, 06 августа 2024 в 21:38

Тағы бір жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылып жатыр
Жаңа бағдарлама бойынша ипотека алу үшін құжаттарды қабылдау 20 тамызда басталады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Тамызда Семей әкімдігі «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп «Абай жастары» бағдарламасын іске қосады. Бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы жастар, соның ішінде жас мамандар мен түрлі салада жұмыс істейтін жас отбасылар қатыса алады», — деп хабарлады Семей әкімдігі.Қала билігі алдағы бірнеше күнде қатысу шарттарын жариялайды. Құжаттарды қабылдау 20 тамызда басталады.Былтыр мұндай бағдарлама Семейде өткен.

Қазақстанда камераларға адамды бет-әлпетінен тану жүйесі қосылып жатыр

Arna Press, 06 августа 2024 в 21:38

Қазақстанда камераларға адамды бет-әлпетінен тану жүйесі қосылып жатыр
Алматы мен Атырауда адамды бет-әлпетінен тану үшін бейнебақылау камераларына жасанды интеллект қосылды, — деп хабарлайдыArnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасапБерік Асыловтың айтуынша, Бас прокуратура сот төрелігінен жасырынған адамдарды іздестіру барысына қадағалауды күшейткен. Прокурорлар биыл халық көп шоғырланатын жерлерде бейнебақылау камераларына өздері мониторинг жасау арқылы 53 қашқынды танып, ұстау шараларын қабылдаған.Ал қазір бұл жұмысқа жасанды интеллект тартылды, бірақ әзірге екі қалада ғана.«Біз биыл тамызда Алматы мен Атырау қалаларында қашқын қылмыскерлерді, борышкерлерді және із-түссіз жоғалғандарды бірден танитын ЖИ элементтерімен IT-қосымшасын бейнебақылау камераларына қостық.

Стартовал конкурс на присуждение гранта «Тәуелсіздік ұрпақтары»

EKaraganda.kz, 06 августа 2024 в 19:35

Стартовал конкурс на присуждение гранта «Тәуелсіздік ұрпақтары»
Цель конкурса – государственная поддержка инициатив, направленных на формирование сообщества активной творческой молодёжи. Гранты присуждаются на конкурсной основе для реализации проектов по шести направлениям: — «Наука» – для реализации новых научных проектов и исследований; — «Культура» – для реализации проектов, направленных на популяризацию культурного наследия Казахстана, продвижение народных культурных традиций и искусства; — «Информационные технологии» – для реализации и разработки новых IT-решений и проектов; — «Бизнес» – для реализации новых бизнес-идей; — «Медиа» – для реализации новых медиапроектов, в том числе проектов по созданию познавательного, полезного, интересного контента для молодежи; — «Волонтёрство» – для реализации волонтёрских проектов, направленных на решение актуальных социальных проблем.Конкурсные заявки претендентов принимаются по 6 октября2024 года на электронную почту t.urpaktary2024@mail.kz.Контакты: (8-7172) 74-12-78.Заявка должна содержать: — конкурсную заявкускачать форму; — описание проектаскачать форму; — видео (не более 60 секунд) или презентацию проекта (не более 10 слайдов); — проект сметы расходовскачать форму; — сведения об интеллектуальной собственности (при наличии) (PDF-формат); — копию удостоверения личности или свидетельство о рождении (PDF-формат).(Приказ Об утверждении Правил присуждения гранта «Тәуелсіздік ұрпақтары» pdf (скачать).Пресс-служба Министерства культуры и информации РК

«Абай жастары» тұрғын үй бағдарламасы басталады

Arna Press, 06 августа 2024 в 19:18

Бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Оның ішіне түрлі салада еңбек етіп жүрген жас мамандар мен жас отбасылар кіреді. Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 20 тамызында басталады. Қатысу шарттары жақын күндері Семей қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады. Айта кетейік, 2023 жылы осы бағдарлама арқылы 41 азамат баспаналы болды.
Показано 30 новостей из 4 825