Популярные темы

Соңғы жаңалықтар қазақша — страница 154

Перспективную молодёжь Казахстана приглашают принять участие в программе «Жас Өркен»

EKaraganda.kz, 13 января 2022 в 11:15

Перспективную молодёжь Казахстана приглашают принять участие в программе «Жас Өркен»
Заявки на участие в конкурсе принимаются до 28 февраля посредством онлайн-регистрации на официальном сайте конкурса www.zhasorken.skcu.kz. «Жас Өркен» – программа по отбору, привлечению и развитию талантливой молодёжи. Участники проекта в перспективе станут топ-менеджерами и руководителями в компаниях группы фонда.

«Пакет ұстап әйелдер де жүр». Қарақшылар шабуылдаған дүкен сатушысы қазіргі жағдайды айтты 12 января 2022, 16:58

Tengrinews, 12 января 2022 в 17:13

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қатты зардап шеккен ғимараттардың бірі — Asia Park сауда орталығы. Алдымен қарақшылар сауда орталығын талқандап, дүкендердегі тауарларды қолды қылған. Соның ішінде Asia Park-тегі Fora техника дүкеніне миллиондаған шығын келген. Tengrinews.kz тілшісі дүкен қызметкері Жанболат Болатовпен сөйлесіп, қарақшылар шабуылынан кейінгі жағдай туралы сұрады. Қарақшылар 4 қаңтарда Asia Park сауда орталығының есігін сындырып, ішке кірген.

Алматыда наразылар бұқа инсталляциясын неге сүйреген? 12 января 2022, 13:18

Tengrinews, 12 января 2022 в 13:23

Алматыда наразылар бұқа инсталляциясын неге сүйреген?
                12 января 2022, 13:18
Алматыда бүлік болған күндері наразы топтар бұқаның инсталляциясын көше бойына шығарып қойған. Мүсін қаладағы атақты мейрамхананың алдында тұрған. Бұқаны қалаға сыйға тартқан қаржыгер мен мейрамхана қожайыны Tengrinews.kz тілшісіне инсталляция қайдан келгенін айтып берді. Мейрамхана қожайының айтуынша, Әуезов пен Төле би көшелерінде тұрған бұқа мүсіні екі ай бұрын қойылған.

Эпиджағдайға үш сценарий бойынша болжам жасалды 12 января 2022, 10:20

Tengrinews, 12 января 2022 в 10:33

Эпиджағдайға үш сценарий бойынша болжам жасалды
                12 января 2022, 10:20
Қазақстанда омикрон штамының анықталуына байланысты эпидемиологиялық жағдайға үш сценарий бойынша болжам жасалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың сөзінше, оптимистік сценарий кезінде, ревакцинациямен 100 пайыз қамтып, алдын алу шараларын жаппай сақтаған жағдайда тәулігіне 17 мыңнан аса жағдай тіркеледі.

«Арасында мастар бар». Алматыда қарулы топты алаңға жеткізген жүргізуші оқиғасын баяндады 12 января 2022, 10:08

Tengrinews, 12 января 2022 в 10:23

45 жастағы Ғалымжан есімді алматылық 6 қаңтарда қалада жаппай тәртіпсіздіктер белең алғанда түрлі заттармен қаруланған бір топ адамды №7 қалалық клиникалық аурухана маңынан Республика алаңына дейін көлігімен жеткізіп салған. Әрине өз қалауымен емес. Зияны тиіп кете ме деп қорыққан ол «жеткізбеске амалым болмады» дейді.

Елден заңсыз ақша шығаруға бақылауды күшейту бойынша бірлескен бұйрық қабылданды 12 января 2022, 09:59

Tengrinews, 12 января 2022 в 10:13

Елден заңсыз ақша шығаруға бақылауды күшейту бойынша бірлескен бұйрық қабылданды
                12 января 2022, 09:59
Қазақстанда заңсыз ақша шығаруға бақылауды күшейту бойынша бұйрық қабылданды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев капиталды негізсіз шығару туралы баяндама жасады. «Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты капиталды шетелге шығару, оның ішінде жалған мәмілелер жасау арқылы шетелге шығару тәуекелінің үдей түскенін атап өтті.

Үкіметте Қазақстан қалаларында сұйытылған газ қаншадан сатылып жатқаны айтылды 12 января 2022, 09:30

Tengrinews, 12 января 2022 в 09:33

Үкіметте Қазақстан қалаларында сұйытылған газ қаншадан сатылып жатқаны айтылды
                12 января 2022, 09:30
Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында Қазақстан қалаларында сұйытылған газ қаншадан сатылып жатқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, сұйытылған газ нарығындағы жағдайды толық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жедел шаралар қабылданған. «Сұйытылған газ бағасын уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілді.

Алматыдағы тәртіпсіздіктер: режиссер Сәкен Битайдың өліміне қатысты істің мән-жайы 11 января 2022, 18:28

Tengrinews, 11 января 2022 в 18:33

Алматыдағы тәртіпсіздіктер: режиссер Сәкен Битайдың өліміне қатысты істің мән-жайы
                11 января 2022, 18:28
Алматыда лаңкестер қазақстандық режиссер Сәкен Битайды атып өлтірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы журналист Данияр Әділбеков өзінің Facebook-парақшасында жазды. Журналистің хабарлауынша, трагедия 6 қаңтар күні болды. Қазақстандық режиссер радикалдардың шабуылына тап болған. «Алматыда мародерлер Сәкен Битайды атып өлтірді. Өкпесіне оқ тиіп, оқиға орнында жан тапсырды.

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде дүкенге шыққан зейнеткер 5 күннен бері табылмай жатыр 11 января 2022, 18:10

Tengrinews, 11 января 2022 в 18:23

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде дүкенге шыққан зейнеткер 5 күннен бері табылмай жатыр
                11 января 2022, 18:10
Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде зейнеткер дүкенге кетіп, із-түссіз жоғалған. Үйден шығып кеткеніне бес күн болған. Балалары әлі күнге іздестіріп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі баласы Асыл Мұхаметәлиевпен сөйлесіп, жағдайдың мән-жайын білді. Асылдың әкесі Исын Мұхаметәлиев 6 қаңтарда түскі уақытта дүкенге шығып кеткен.

Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды

Akorda.kz (KZ), 11 января 2022 в 18:06

Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Дельтакрон жаңа штамм ба? Ғалымдардың жауабы 11 января 2022, 16:00

Tengrinews, 11 января 2022 в 16:03

Дельтакрон жаңа штамм ба? Ғалымдардың жауабы
                11 января 2022, 16:00
Коронавирустың жаңа штамы пайда болды. Оған «дельтакрон» деген атау берілді. Алайда оны «жаңа штамм» деп айтуға әлі ерте сияқты. Себебі вирустың жаңа нұсқасына қатысты мамандардың ойы екіге бөлініп отыр. Бірі бұл вирустың жаңа штамы десе, енді бірі бөлек штамм деп қарастыруға болмайтынын айтады. Дельтакрон туралы не белгілі?

«Құпия құжаттарды тастап кетті». Тоқаев ҰҚК департаменттерін сынады 11 января 2022, 11:45

Tengrinews, 11 января 2022 в 11:53

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі тәртіпсіздіктер кезінде ұрысқа қатыспай, ғимаратты тастап кетіп қалған ҰҚК департаментінің басшыларын сынға алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Бәрі бірдей өз міндетіне адалдық таныта алмады. Қазақстанның бірқатар қаласында ҰҚК департаментінің басшылары жеткілікті әскери арсеналға қарамастан, ұрысқа қатыспай, қару-жарақ пен құпия құжаттарды сол жерде қалдырып, ғимараттарды тастап кетті», — деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.
Показано 30 новостей из 4 834