Популярные темы

Соңғы жаңалықтар қазақша — страница 43

Алматыда жаңа құрылыстағы пәтер бағасы арзандады

Крыша, 11 марта 2024 в 17:17

Алматыда жаңа құрылыстағы пәтер бағасы арзандады
Ақпанда Алматыда жаңа құрылыстағы пәтер құны 1.4 %-ға төмендеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Қарағандыда (—0.3 %) және Павлодарда (—0.1 %) жаңа үй арзандады.Қаңтармен салыстырғанда мемлекеттегі жалпы көрсеткіш 0.4 %-ға өсті. Бұған қаңтарда Ақтөбедегі жаңа тұрғын үй бағасы көтерілгені әсер етті.

Абай облысындағы ауылды су әкетіп жатыр

Arna Press, 11 марта 2024 в 13:38

Абай облысындағы ауылды су әкетіп жатыр
Мақаншы ауданы Бақты ауылында қар еріп, ауылды су басып жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша 10 наурыз түстен кейін еріген қардың суы ауыл көшелеріне жайылған. Су қораға, тіпті үйдің ішіне де кірген.Публикация от bailygym.bakhytym .bakhtym (@bakhty.auyly)Ал Абай облысы ТЖД ақпараты бойынша Мақаншы ауданы жергілікті атқарушы органдарының күшімен жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

Arna Press, 11 марта 2024 в 12:18

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
11 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жерлестерін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең.

Мемлекет басшысының өкімімен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды

Akorda.kz (KZ), 09 марта 2024 в 13:06

Мемлекет басшысының өкімімен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Қазақстанда ҰБТ өткізу ережесі өзгерді

Arna Press, 06 марта 2024 в 20:28

Қазақстанда ҰБТ өткізу ережесі өзгерді
Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 28 ақпандағы бұйрығымен Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткені туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ҰБТ-ға қатысуға өтініштер (қағаз және электронды форматта) Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында онлайн режимінде қабылданады.Сонымен бірге, ҰБТ тест тапсырмалары бойынша міндетті түрде жиналатын ұпай саны да өзгерді.Осылайша, қысқартылған оқу мерзімін қарастыратын білім беру бағдарламаларына түсетіндерді қоспағанда, орта, техникалық, кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері үшін ҰБТ тест тапсырмаларының саны:Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.Мүмкіндігі шектеулі балалар мен көру қабілеті бұзылған және мүгедек балалар үшін ҰБТ пәндері бойынша тест тапсырмаларының нұсқалары диаграммаларды, кестелерді, карта сызбаларын және графиктерді қолданбай қалыптастырылатыны көрсетілген.Шығармашылық дайындықты қажет ететін білім беру бағдарламалары тобында оқитын және ақылы негізде білім беру бағдарламаларының басқа топтарына ауысқысы келетін ОВПО студенттері үшін ҰБТ тест тапсырмаларының саны:Сонымен қатар, ереже мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүмкіндігі шектеулі және көру қабілеті бұзылған адамдар үшін ҰБТ пәндері бойынша тест тапсырмаларының нұсқалары диаграммаларды, кестелерді, карта сызбаларын және графиктерді қолданбай қалыптастырылады деген тармақпен толықтырылды.Сондай-ақ, SAT – Scholastic Assessment Test, ACT – American College Testing, IB – International Baccalaureate, A Level (E-Level) халықаралық стандартталған тестілерінің сертификаттары бар тұлғалардың нәтижелері мен шекті мәні бар пәндер бойынша ҰБТ тапсырудан міндетті түрде босатылатыны айтылады.

Қазақстанда жаңа комитет құру ұсынылды

Arna Press, 06 марта 2024 в 20:28

Қазақстанда жаңа комитет құру ұсынылды
Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалда депутат Қазақстанның демографиясына қатысты мәселелерді көтерді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Бір жылда Қазақстан халқының саны небәрі төрт миллионға өссе, көрші Өзбекстан халқы осы кезеңде 15 миллионға өсті.

Жер сілкінісі мен жылжымайтын мүлік: нарықтағы өзгерістер

Крыша, 06 марта 2024 в 16:47

Жер сілкінісі мен жылжымайтын мүлік: нарықтағы өзгерістер
Krisha.kz сайтының сарапшылары Алматыдағы жер сілкінісі нарыққа қалай әсер еткенін анықтады. Пәтер сату жиілеп кетті ме, Астанада жылжымайтын мүлікке, Алматыда жер үйге сұраныс артты ма?Алматыда пәтер сату жөнінде жаңа хабарландыру саны артқан жоқ. Көрсеткіштер шамамен басқа күндердегідей.Krisha.kz деректеріне сүйенсек 5 наурызда Астанада жылжымайтын мүлік сатып алғысы келетіндер саны өспеген.

ХҚКО қызметкерлері енді мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда көрсететін болады

Arna Press, 04 марта 2024 в 18:38

ХҚКО қызметкерлері енді мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда көрсететін болады
Қазақстанның 20 облысында азаматтар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алатын 29 connection point ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Айта кетер болсақ, connection point – азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы қызметтерді өз бетінше алуға көмектесетін аумақ болып табылады.

Алматыдағы жер сілкінісі: ғимараттардың зақымдалғаны туралы қайда хабарласу керек

Крыша, 04 марта 2024 в 18:07

Алматыдағы жер сілкінісі: ғимараттардың зақымдалғаны туралы қайда хабарласу керек
Алматыда жер сілкінісінен кейін жедел желі жұмыс істеп тұр. Жедел штаб жасалды. Сұрақтар және ғимараттардың зақымданғаны бойынша қала тұрғындары мен қонақтары 8 (727) 278 20 83, 278 20 84 телефоны арқылы хабарласа алады.Жер сілкінісі 4 наурызда сағат 11:20-да болды. Эпицентрі Алматыдан 31 шақырымда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасты.

Семейде пышақпен қаскөйді ұстаған полиция қызметкерін марапатқа ұсынбақ

Arna Press, 04 марта 2024 в 13:58

Семейде пышақпен қаскөйді ұстаған полиция қызметкерін марапатқа ұсынбақ
Патрульдік полиция қызметкері аға сержант Ахатов, 34 жастағы күдіктінің заңсыз әрекеттерінің жолын кесу кезінде жарақат алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Осыған қарамастан, полиция қызметкері әріптесімен бірге қылмыскерді ұстаған.«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп — тексеру басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Закимов.Белгілі болғандай, Абай облысының Полиция Департаменті өмірін қатерге тігіп, қаскөйді ұстаған аға сержантты марапатқа ұсынуды жоспарлап отыр.Естеріңізге сала кетейік, 29 ақпанда түстен кейінгі уақытта, полицейлер 13 жасар қыздан белгісіз ер адам оның артынан қалмай, аңдып жүргені туралы хабарлама алды.Заңсыз әрекеттердің жолын кесу үшін қызметтік көліктен шыққан кезде патрульдік полиция қызметкері Асхат Ахатовқа қылмыскер пышақпен шабуыл жасады.

ШҚО-дағы кәсіпорындардың бірінде жұмысшы қаза тапты

Arna Press, 04 марта 2024 в 12:58

ШҚО-дағы кәсіпорындардың бірінде жұмысшы қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысында жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Жазатайым оқиға Маралды ауылындағы тау-кен кәсіпорнында болған. Краншы қаза тапты.«Алдын ала мәліметтер бойынша, кран сынғаннан кейін жұмысшы бульдозер жүргізушісінен техниканы сүйретуді сұраған, бірақ қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан, кран жүргізушісін басып кеткен.

Қазақстандықтар уақыт белдеуін ауыстырғаннан кейін бір күнге «қартайған»

Arna Press, 01 марта 2024 в 14:28

Қазақстандықтар уақыт белдеуін ауыстырғаннан кейін бір күнге
Сағат тілі ауысқаннан кейін кейбір қазақстандықтар қызық өзгерістерге тап болды — электрон құжаттарда туған күні өзгерген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Банктердің бірінің «Цифрлық құжаттар» бөліміндегі, сондай-ақ eGov.kz сайтында қазақстандықтар бір күнге «қартайғанын» — туған күні өзгергенін анықтады.Бұл Астана, Алматы, Шымкентте және еліміздің тағы 12 облысында сағат тілі бір сағатқа артқа жылжыған күннің ертеңінде байқалды.

Тараз қаласы

Магнолия, 29 февраля 2024 в 19:58

Тараз қаласы
Тараз қаласы №2 соты мемлекеттік орган өкілдері мен сот орындаушыларының қатысуларымен «Сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиынды ашқан сот төрагасы Е.Дүйсенбаев сот актілерінің орындалуы құқықтық тәжірибенің ең маңызды бөлігі екенін, заңды күшіне енген сот актілерінің ҚР аумағында қатаң орындалуы міндетті және орындалмаған жағдайда заңмен көзделген жауапкершілік қарастырылғанын мәлімдеді.
Показано 30 новостей из 4 773