Популярные темы

Қазақ эстрадасының маэстросы – Нұрлан Байкөзов жеке концертін өткізбек

Дата: 26 ноября 2014 в 09:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақ эстрадасының маэстросы – Нұрлан Байкөзов  жеке концертін өткізбек
Стоковые изображения от Depositphotos

10-желтоқсан күні Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыдағы Республика сарайында кешкі сағат 19.00-де қазақ эстрадасының маэстросы, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республика­лық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі, дирижер, аранжировка шебері Нұрлан Байкөзовтың жеке шығармашылық кеші өтеді. Кешке Жұбаныш Жексенұлы, Мақпал Жүнісова, Бағдат Сәмединова, Маржан Арапбаева, М.Арынбаев, Д.Сейітжанов, Сая Маханбетқызы, Е.Әбішев, «Жетіген», «Мюзикола» топтарымен қатар өзге де өнер жұлдыздары қатысады. Концерттен түскен қаржының бәрі қайрымдылық мақсатта жұмсалмақ.

Нұрлан Байкөзовтің өнердегі негізгі қадамдары студенттік күндері басталған. 1973 жылы Шымкент музыкалық училищесінде жүріп, «Степные маки» (Қыр қызғалдақтары) деп аталатын вокальдық-аспапты ансамбль құрады. Арада бір жыл өткенде ВИА «Степные маки» Мәскеуде өткен байқауда жеңімпаз атанады. Қазақтың цирк өнерін тұңғыш рет әуенмен өрнектеген сазгер бүгінде А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республика­лық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатында эстрадалық-симфониялық оркестр құрып, оның көркемдік жетекшісі қызметін атқаруда.

Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Нұрлан Байкөзов халықтың жүрегінен орын алған талай әннің авторы ретінде танымал. Бүгінде әндерінің саны 60-тан асқан. Халық оны Мақпал Жүнісованың орындауындағы «Деме сен» әнімен жақсы таниды, сонымен қатар Бағдат Сәмединова, Құдайберген Бекішов, Ералхан Әбішов сынды өнер иелері бүгінде Байкөзовтың әндерін орындап, көрерменге ұсынып жүр. Бұдан бөлек, 50-ден астам симфониялық оркестрге және эстрадалық симфония оркестрлеріне, ансамбльдерге арналған шығармалары бар. Оның көпшілігі Еуропа елдерінің сахнасында орындалған.

«Шығармашылық кешімді Тәуелсіздік күніне орайластырғанды жөн көрдім. Тәуелсіздік – біздің ең басты арманымыз болып келді. Демек, оны қадірлеу, бағасын білу бәріміздің парызымыз болуы керек деп санаймын», — дейді сазгер.

По сообщению сайта Новости пресс-служб

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Алматы ШШиимкент
Поделитесь новостью с друзьями