Популярные темы

«Игра в кальмара»: елордада театр қызметкері робот жасап шықты 07 декабря 2021, 17:19

Дата: 07 декабря 2021 в 17:23 Категория: Новости культуры



Стоковые изображения от Depositphotos

Желіде қазақша сөйлейтін роботтың видеосы тарап жатыр. Киімі танымал «Игра в кальмара» сериалындағы образға ұқсас. Tengrinews.kz тілшісі осы роботтың құрастырушысы Бауыржан Ақбарақовпен сөйлесіп, туындысы туралы сұрап білді.

Бауыржан 31-жаста. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Опера» театрында автоматизация жүйесінің әкімшісі қызметін атқарады.

«Роботтехника саласына бала кезімнен қызығамын. Роботтар туралы фильмдер көріп өскен баламыз. Болашақта бұл сала негізгі мамандығым болмаса да, хоббиіме айналды», — дейді ол.

Видеосы Желіде тарап жатқан роботты жасауға Бауыржанның 2 жылдай уақыты кеткен екен.

«Робот жасаумен жұмыстан тыс уақытымда айналысамын. Одан бөлек басқа да робот-жобаларым бар. Кейінгі кезде «Игра в кальмара» сериалы хит болып жатыр. Сол кезде неге роботты сол сериалдағы образға ұқсатпасқа деген ой келді. Негізі басында бұл роботты Хэллоуин мерекесіне арнаймын деп едім, бірақ уақытында жасап үлгермедім», — дейді Бауыржан.

Роботтың астында кішкентай дөңгелектер бар, соның көмегімен қозғалады. Одан бөлек ол қазақша сөйлейді. Бауыржан оны қалай жасағанын түсіндіріп берді.

«Робот ретінде өзім сөйлеймін, қашықтан басқару пультіне гарнитура қосылған. Робот видео және аудио таратқыштардан, негізгі басқару тақтасынан (мидан), дыбыс жазу құрылғысынан, күшейткіші бар колонкалардан тұрады. Одан бөлек, роботтың бірнеше камерасы бар, біреуі қашықтан басқаруға арналған, екінші — айналасын жақсы сапада түсіруге арналған экшн-камера», — дейді театр қызметкері.

Сонымен қатар, оның айтуынша, роботқа бас пен қол механизмін қосу үшін сервожетек қолданылған, гироскутердің бөлшектерін де пайдаланыпты. Басы мен қолдарының үлгісі жасалып, оны 3D принтермен басып шығарған.

«Робот жасау — менің негізгі жұмысым емес. Өзімнің хоббиім ғана, сондықтан түрлі бөлшектерден жасаймын. Робот техникасы саласында әлі көп жоспарым бар. Қазір ештеңе айтқым келмейді, қызық дүниелер жасағаннан кейін Желіге шығарамын. Бір жағынан мұндай қызығушылық жұмыста да көп эмоция сыйлайды. Әріптестерім алғаш көргенде таңғалды, түрлі эмоция болды. Сондықтан хоббиім менің ғана емес, айналамдағы адамдардың да көңілін көтеріп жүргеніне қуаныштымын», — деп түйіндеді Бауыржан Ақбарақов.

Суреттер Бауыржан Ақбарақовтың жеке мұрағатынан

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Новости культуры
Поделитесь новостью с друзьями