Популярные темы

Растем и строим бизнес вместе с Нурбанком

Дата: 29 июня 2022 в 14:28 Категория: Новости экономики


Растем и строим бизнес вместе с Нурбанком
Стоковые изображения от Depositphotos






 1. Әр жетістік артында – сенімді әріптестер 2. Нұрбанкке 30 жыл: басты жетістік  — клиенттеріміздің табысы  3. Сәтті бизнестің тарихы: Біз Нұрбанкпен бірге өстік 4. Нұрбанкпен бірге өсудеміз және бизнесті жүргізудеміз
Биыл Нұрбанкке 30 жыл толады. Мерейтой күні – істеген ісіңді қарап, нәтижесін бағалайтын кез.  Осы жылдардағы біздің жетістіктер – клиенттеріміздің табысы, олардың бизнесі тек табыс әкелу емес, сонымен қатар өңір немесе республика көлемінде, өндіріс, медициналық қызмет, білім және тағы сол сияқты әлеуметтік маңызды салаларда қоғамның күрделі проблемаларының нақты шешімін табуға өз септігін тигізуде. Тәуекелге бел буып, қаржы мәселесін шешуді Нұрбанкке сенім артып, іс бастаған клиенттеріміздің жолын бірге жүріп өттік. 
Біз мақтанышпен айта алатын клиенттеріміздің бірі — Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, денсаулық сақтау үздігі, Ресейлік адам өрбіту қауымдастығының (РАРЧ) сыйлы мүшесі, Еуропалық   репродуктологтар мен эмбриологтар қауымдастығының (ESHRE), Қазақстандық адам өрбіту қауымдастығының (КАРЧ) мүшесі, жоғарғы санатты маман, «Неке және отбасы» («Брак и семья») клиникасын құрушы әрі басшысы, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі үшін бірнеше мәрте құрмет грамоталарымен марапатталған Станислав Тарарака.
«Неке және отбасы» клиникалар желісінің негізін қалаушы Станислав Тарарака бизнесін қалай бастағаны, оны жалғастырып жатқаны, қандай нәтижелерге қол жеткізгені, бизнесін жүргізу барысындағы Нұрбанктің рөлі туралы әңгімелеп берді. 
Станислав Станиславович, «Неке және отбасы» медицина орталығын құруға не түрткі болды?
1979 жылы Жамбыл қаласындағы №2 әйелдер консультациясы негізінде бедеуліктен емдеу кабинеті ашылып, оны мен басқардым. Бедеуліктен емдеуде біз прогрессивті әдістерді қолданып, жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. 1981 жылы біздің кабинет №1 қалалық перзентхана жанындағы отбасын жоспарлау жөніндегі жеке бөлімше болып құрылды.
Ал 1983 жылы бедеуліктен емдеу және отбасын жоспарлау бөлімшесі «Неке және отбасы» консультациясына қайта құрылып, жеке тұрған ғимаратқа орналастырылды. Мұнда физиотерапия, клиникалық диагностика мен түтік бедеулігін емдеу бөлімшелері орналасты. 1988 жылдан бастап біз жеке клиника ретінде жұмыс істей бастадық. Біздің орталық Қазақстан мен шетелдегі репродуктивтік денсаулық саласындағы көшбасшыларының бірі болып табылады. Сол кездері бізге ұқсас орталықтар құрылмаған еді, біз репродуктивтік денсаулық саласында жол бастаушы болдық. Бұл факті Қазақстандық адам өрбіту қауымдастығында да тіркелген. Жұмысымыз өрге баса берген сайын пациенттерді емдеудегі жетістіктеріміз туралы тек қаламыздың халқы емес елімізден тысқарғы жерлердегі ел біле бастады. Бізге бұрынғы КСРО қалалары Баку, Вильнюс, Гурьев, Қызыл-Орда, Краснодар, Магадан, Новороссийск, Самарқанд, Тбилиси, Фрунзе мен тағы басқа қалалардан да келе бастады. 
Ал 2004 жылы біз ЭКО бөлімшесін аштық, ол біздің орталықтың дамуындағы жаңа дәуірдің бастауы болды. 
Сіздің орталық еліміздің көлемінде қандай мәселелер мен проблемаларды шешеді? Нәтижелері қандай?    Бедеулік проблемасы еш уақытта өзектілігін жоғалтқан емес. Егер ерлі-зайыптылар бала сүймесе, үйлерінде бала күлкісі естілмесе, ондай отбасы күйзеліске ұшырап, үмітсіздіктен ажырасып кетеді. Ата-ана атану үлкен бақыт, ата-аналардың ол арманың жүзеге асыру біздің басты мақсатымыз. Біз бұл проблемамен айналыса бастаған кезде Қазақстанда ЭКО жосығы мүлде қолданылмаған. 80—ші жылдары бізде сперматозоид банкі, донорлық ооциттер, криоконцентрация орталықтары, ЭКО болар ма еді деп армандадық, ол кездер ол арманымыз қиял сияқтығын. Іс жүзінде қиялымыз іске асып, нәтижелері біз күткеннен асып түсті! Қазір бізде қазіргі заманғы ота жасау, криоконсервация, ЭКО орталығы бар. Біздің орталық дәлдігі мен өнімділігі жоғары жаңа аппаратуралармен жабдықталған. Жұмысымыздың нәтижелерін сөзімізден гөрі фактілер растайды: жұмыс істеген жылдары біздің команданың көмегімен 3 000-нан астам бала дүние келді.
Бизнесіңізді құру барысында қандай қиыншылықтарға тап болдыңыз?
Айтарлықтай қиындықтардың бірі – қажетті жабдықтардың тым қымбат болуы. Біз ЭКО-мен айналысатындардың бірінші қатарларында орнықтық. Жұмысымыздың нәтижесін көру үшін біз бірегей жабдықтарға мұқтаж болдық.  Бастапқыда біз қолда бармен қанағат болып, бірте-бірте жаңаруға және жоспарымызды іске асыруға қадам бастық. 
Сіз біздің тұрақты әрі жемісті клиентіміз екені рас. Не үшін Нұрбанкпен ынтымақтастық орнаттыңыз? 
ШОБ несиелеу бойынша Нұрбанкпен көптен бері жұмыс істеп келеміз, мен ескі де тұрақты клиенттеріңіздің бірімін. Орталықтан басқа мен басқа жобалармен жұмыс істеймін және олар ШОБ несиелеудің арқасында жүзеге асырылуда. Мысалы, гинекологиялық операция сәтті жүргізілетін стационар. 
Мен үшін бірінші кезекте клиентпен тікелей қарым-қатынас орнату құнды. Тараз қаласында Нұрбанктің шағын ұжымы жұмыс істейді, мұнда өз үйіңе келгендей сезінесің, күзетшілер, жүргізушілер, мамандар мен топ-менеджерлер жылы шырай қарсы алады. Ыстық отбасылық атмосфера деуге болады.
Кейбір сұрақтардың шешімін таба алмаған кезде Нұрбанкке қоңырау шаламын, сол кезден-ақ мәселе тез арада шешіле бастайды. Ондай көңіл бөлу мен кәсіби біліктілік мен үшін өте қымбат. 
Менімен тығыз байланыста Нұрбанктің заңды тұлғалармен жұмыс істейтін менеджер Евгения Кобер жұмыс істейді. Ол менің дербес деректерім мен компанияның қаржылық ахуалын бізден де жақсы біледі (күледі).  Кей кездері ол өзі біздің компанияның кеңсесіне келіп, біздің бухгалтерге ақыл-кеңесін беріп кетеді. Мұндай кездерде несие бізге ме әлде оларға керек пе деп қаласың? Нұрбанк тұрақты клиенттерін сыйлайды да бағалай біледі де, әрине ол жақсы әдет. 
Несие алу сіздің ұйымға қалай көмектесті?
Нұрбанктен несие алып, біз жоспарлы түрде дамып келеміз. Біздің жұмыскерлеріміздің еңбекақылары жақсы, сыйлықақы да төлейміз, керекті жабдықты да сатып аламыз. Әрине, Нұрбанктің өнімдерін пайдаланбасақ, біз ықшамдалар едік, еңбекақы қоры азаяр еді, күрделі жөндеуді қаржы жинақтағанға дейін кейінге қалдыра тұрар едік. Несиеге біз қымбат жабдық сатып ала аламыз. Ол дегенің өте маңызды шаруа.
Ара тұра дағдарысқа және тағы сол сияқтыларға байланысты Қазақстанда бизнес жүргізу өте қиын екенін айтуда Қазақстандағы шағын және орта бизнеске тұтастай алғанда көз қарасыңыз қалай? Тәжірибеңізбен бөлісе аласыз ба? 
Дағдарыс кезінде компаниялар бизнестерін жүргізуге керекті несие алудан сақтанады. Ал біз керісінше, дағдарыс кезінде несие алдық. Дағдарыс жаңа мүмкіндіктерді іздеуге ынталандырады деп есептеймін. Дәл осы кезде адамдар өз күштері мен ресурстерін бір жұдырыққа жұмылдырып, дағдарысқа төтеп береді. 
Несие алар алдында біз жағдайды барынша талдап, жорамал мен есеп-қисап жасадық.
Әрине, басқа кәсіпкерлерге сияқты бізге де «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы мемлекет тарабынан қолдау көрсетілді. Пайыздық мөлшерлемесі жоғары әдеттегі несие мен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының, мөлшерлемесі 6-7%-ды құрайтын несиелерін арасындағы айырмашылық зор.
Мемлекеттің «Даму» қоры арқылы төлемдердің бөлігін өтеу міндеттемесін өзіне алғаны, ол дегенің бизнеске үлкен көмек болды.
Несиелерді пайдалана отырып, мен өз саламда мықты болғандар арасында да мықтысы атандым. Егер бізде жоғары технологиялық жабдықтар болса, онда пациенттердің бізге қарай ағыны да молаяр еді. Сондай жағдайда біздің үмітіміз ақталар еді.
Бізге көп адам көмек сұрап келеді. Ата-ана атану ниеті дағдарысқа тәуелді емес, отбасында ұрпақ жалғастырушы болуы тиіс. Біз дағдарыстың аяғын күтетін болсақ, біз жетістіктерімізге жете алмас едік. 
Қандай соңғы жетістіктеріңізді атап кеткіңіз келеді және жоспарларыңыз қандай?
Бұрын Қазақстанда ЭКО-мен айналысқан бар жоғы 4 клиника болған, оның біреуі біз. Ал қазіргі саны 30-дан асып жығылады, соның өзінде де біз барлық көрсеткіштер, соның ішінде мемлекеттік тапсырыстар бойынша көшбасшы болып қала береміз. Біз кешенді генетикалық зерттеулер енгізіп, эмбрион кезінен-ақ нәрестенің жынысын анықтаудан бастап, қандайда бір генетикалық ауыруларды табу бойынша қызметтердің толық циклін ұсынамыз. Біздің орталықтың мамандары бедеулік себептерін анықтауда сапалы әрі кешенді диагноз қоя алады және оны емдеудің қазіргі заманғы жоғары технологиялық әдістерін жете меңгерген. Біз жұмыс орындарын көбейте алдық. Егер бұрын 30 — 40 адам жұмыс істесе, қазір орталықта 70 адам жұмыс істейді.
Өткен жылы біз 80 000 еуроға лазерлік жүйе сатып алдық. Бұл керемет дүние ЭКО бағдарламасы тиімділігінің 55-60 %-дық нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігін берді. Дәл қазір біз экспорттық сыныптағы, заман талабына сай келетін УЗИ аппаратын сатып алу үшін Нұрбанктен несие алудамыз. 
Маған жаңа мүмкіндіктерге қол жеткіздіріп, мені ынталандырғаны үшін Банкке ризамын.
Біз Қазақстанның өңірлерінде филиал ашудамыз. Келешекте Түркістан қаласында клиника ашпақ ойымыз бар. 
Менің жоспарым — клиникалардың санын көбейту, оларды жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықтау. Маған банктегілер ақ көңілдерімен – сіз 70-тен астыңыз, өз-өзіңізді күтуіңіз керек — дейді. Мен қалжыңдаймын – егерде тағыда менің жасымды сөз қылатын болсаңдар, онда мен басқа банкке кетіп қалам — деп.
Жас кәсіпкерлерге қандай ақыл бересіз?
Ештеңеден қорықпаңдар! Жәй ғана сүйікті ісіңізбен айналысыңыз, оны сапалы, ұқыптылықпен істеңіздер. Сол кезде ғана бизнесті дамытуға да ағымдағы проблемалардың түйінің шешуге де ресурс табылады.

По сообщению сайта Магнолия

Тэги новости: Новости экономики
Поделитесь новостью с друзьями