Популярные темы

Өскемен тұрғыны ойын консолін жалға алып, алаяқтық жасаған

Дата: 15 декабря 2022 в 17:48


Өскемен тұрғыны ойын консолін жалға алып, алаяқтық жасаған
Стоковые изображения от Depositphotos

Өскемен тұрғыны ойын консолін жалға алып, ізін жасырған, деп хабарлайды Arnapress.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөліміне 30 жастағы кәсіпкер алаяқтық фактісі туралы өтініш білдірген.

«Оның айтуынша, бейтаныс жігіт одан ойын консолін жалға алған, алайда қайтаратын уақыты келгенде, ол телефонды өшіріп, жоғалып кеткен. Осылайша, шамамен 300 мың теңге сомасында залал келтірген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтап, ұстаған. Ол – 24 жастағы Өскемен тұрғыны. Күдікті жасаған әрекетін мойындаған», − деп хабарлайды полиция департаменті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жас ойын әуесқойын екі жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы күтілуде. Қазіргі уақытта ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото: Рolisia.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями