Популярные темы

ШҚО-да Ресейдің 12 азаматы қар құрсауынан құтқарылды

Дата: 06 января 2023 в 11:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


ШҚО-да Ресейдің 12 азаматы қар құрсауынан құтқарылды
Стоковые изображения от Depositphotos

ШҚО-да құтқарушылар Ресей Федерациясының 12 азаматын қар құрсауынан эвакуациялады, деп хабарлайды Arnapress.kz.

Публикация от Shygys Qazaqstan oblysynyn TJD (@shygysqaz_tjd)


Шемонаиха ауданында «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автожолда қалған 12 адам қолайсыз ауа-райының кепіліне алынды.
Оларға көмекке ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жол талғамайтын «ТРЭКОЛ» автокөлігімен келді. Ресей Федерациясының 12 азаматы, оның ішінде 2 бала қауіпті аймақтан эвакуацияланды. Адамдар Шемонаиха қаласының қонақ үйіне орналастырылды. Онда жергілікті атқарушы органдар тамақ пен жылытуды ұйымдастырған.
Қазіргі уақытта өңірде 15 автожол жабық күйінде қалып отыр.

«ШҚО ТЖД азаматтардан ауа-райы тұрақтанғанша барлық сапарларды тоқтатуды сұрайды.Тәуекелге бармаңыз және өміріңізге қауіп төндірмеңіз. Аймақта 06 қаңтарда дауылдық туралы ескерту жарияланған: түтек боран, көктайғақ. Ауа райы туралы «Дармен» мобильді қосымшасынан білуге болады», – дейді құтқарушылар.

Фото: бейнебаяннан скриншот

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями