Стоковые изображения от Depositphotos
Танымал қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин еліміздің Ауыр атлетика федерациясының басшысы болуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында Ильин федерацияның қазіргі жұмысына алаңдайтынын білдірді.
«Мен бұл жерде екі жыл кәсіби спортшы емес, спорт менеджері ретінде жұмыс істедім. Екі жыл бойы мен қарым-қатынас орнатып, командада кейбір мәселені шешіп келемін. Бір жылдан бері біз түсініксіз жағдайда жүрміз, Ауыр атлетика федерациясының президентін таба алмай жүрміз. Бір жарым жыл бұрын менеджер ретінде жұмысқа тұрғанда жаттықтырушылармен сөйлестім, ауқымды проблемалар болды, мәселені шешуге тырыстым. Бір жігіт асылып қалды... Бізге психологтар керегін айттым. Біз команда құруға міндеттіміз, өйткені қиындықтар бар. Кейін біз екіге, содан кейін үш бөлікке бөліндік. Өңірлерге барып, бапкерлермен жеті сағат сөйлесіп, спортқа қол сілтей салмауын түсіндіруге тура келді», − деді Ильин.
Спортшы ауыр атлетика елдегі ең «медальді» спорт түрлерінің бірі екенін айтып, оны сақтауға шақырды.
«Мен қазір әріптестеріме, басшылыққа, Алтай Көлгіновке (вице-премьер — еск.) және Асхат Ораловқа (мәдениет және спорт министрі) жүгініп отырмын, шешім қабылдаңыз, өтінемін. Мен жетілдім, федерацияны өз командаммен бірге алуға дайынмын. Иә, менде миллион адам жоқ, мен бай емеспін, бірақ мен бұл спорттың қыр-сырын білемін. Қолдауыңызды сұраймын, тапсырмалар қойыңыз. Олимпиада чемпионын таңдайық», − деді Илья Ильин.
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жауап ретінде бұл мәселені Ильинмен бөлек талқылауға дайын екенін айтты.
Фото: prosports.kz
По сообщению сайта Arna Press