Популярные темы

Сәуірде «Елімай» футбол командасының Семей қаласындағы алғашқы ойыны өтеді

Дата: 30 марта 2023 в 00:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Сәуірде
Стоковые изображения от Depositphotos

Сәуір айында «Елімай» футбол командасының қайта құрылғаннан кейін Семей қаласындағы алғашқы ойыны өтеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz  тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Күн жылынғандықтан, футбол ойыны ашық стадионда өтеді. «Елімай» футбол командасының қайта құрылғаннан кейін алғашқы ойыны сәуір айында өтеді деп күтілуде. Оған Қазақстанның әр түкпірінен көрермендер келуі мүмкін. Сондықтан стадионнның іші-сыртын жөндеуді тапсырамын. Ойын алаңын көгалдандыру керек», — деді қала әкімі Нұрбол Төлегенұлы.


Естеріңізге сала кетейік, «Спартак» стадионының көрермен сыйымдылығы — 8000 адам. Ол 1966 жылы ашылып, осы күнге дейін жұмысын жалғастырып келеді.

Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Семей
Поделитесь новостью с друзьями