Популярные темы

Семей көшелеріне атты полиция шықты

Дата: 03 апреля 2023 в 14:08


Семей көшелеріне атты полиция шықты
Стоковые изображения от Depositphotos

Атты полиция Семейдегі тәртіпті күзетуге шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz  тілшісі Семей қаласы ПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қысқы кезеңнен кейін жануарлар вакцинациядан өтеді, сол уақыт аралығында оларды мінуге болмайды.

Қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Қайрат Әбдіғалиевтің айтуынша, жылқылар қаладағы көліктердің  жетуі  қиын бөліктерін патрульдеу керек болған жағдайда қажет.

«Біз негізінен саяжай алаптарына, жеке сектордың кейбір учаскелеріне, сондай-ақ патрульдік көлік жүре алмайтын Ертіс өзенінің жағалауына қызмет көрсетеміз. Әдетте, полицейлер өз учаскелерін екі-екіден күзетеді», — дейді қалалық полиция бастығы.

 

Қайрат Әбдіғалиев сондай-ақ, атты патрульдері барлық  бағбандар өз өнімін толық жинап,  саяжай маусымы аяқталғанға дейін қоғамдық тәртіпті бақылауды жүзеге асыратындарын айтты.

Қазіргі таңда Семей қаласы бойынша 10 ат кезекпен қаланы бақылаумен айналысады.

Сурет: Семей қаласы ПБ баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями