Популярные темы

Семейде жаңа демалыс орны салынады

Дата: 21 апреля 2023 в 11:08


Семейде жаңа демалыс орны салынады
Стоковые изображения от Depositphotos

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ағымдағы жылы пайдалануға берілетін қоғамдық кеңістіктерді қолданысқа беру бойынша көшпелі кеңес өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала басшысы әкімдіктің жауапты қызметкерлерімен бірлесіп Жамақаев көшесіндегі емханадан Чайковский көшесіндегі жанармай құюға дейінгі аумақта сквер салу жоспарын талқылады.



 «Аталған қоғамдық кеңістікті абаттандыру үшін қала орталығында үлкен алаң бөлінген. Жаңа алаң заманауи стандарттарға сәйкес жабдықталуы керек. Ең бастысы балалар мен егде жастағы адамдар да бірдей демала алатын орта қалыптастыруымыз керек. Сондай — ақ, сквер бойындағы үйлердің қасбеттерін сырлау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілетін болады», — деп атап өтті қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.



Айта кетейік, биыл Семейде қаланың орталығында да, шетінде де бірнеше қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарлануда. Қазіргі таңда қоғамдық кеңістікттердің эскиздік сызбалары дайындалу үстінде.

Сурет: Семей қаласы әкімдігі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями