Стоковые изображения от Depositphotos
Өскемендегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 7 адам эвакуацияланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Бітібаев көшесінің бойындағы тұрғын үйдегі екінші қабаттағы пәтердің терезесінен қатты түтін шыққанын көрген куәгерлер өрт сөндіру қызметіне хабарлаған.
«Өрт жоғарыдағы қабаттардың балкондарына тез тарады. Бүкіл кіреберісті қою қара түтін басты. Оқиға орнына алты минут ішінде жеткен газ-түтіннен қорғау қызметі жедел түрде тұрғындарды құтқарып, өртті сөндірді. Өрт сөндірушілер жеті адамды құтқарды, оның екеуі мүгедек, екеуі бала», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, құтқарушылар бес тұрғынды түтін басқан кіреберістен шығаруға көмектесті. Өрт болған пәтерде күйік шалған 1952 жылы туған ер адамға Апаттар медицинасы және жедел жәрдем орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ол емдеу мекемесіне жатқызылды.
«Өрт сөндірушілерге 55 шаршы метр аумақтағы өртті толығымен сөндіруге 40 минут кетті. Өрттен бес пәтердің балконы зардап шекті», — деп хабарлады ТЖД.
Өртті сөндіруге барлығы 19 адам мен 6 техника жұмылдырылды.
Сурет: Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press