Популярные темы

Елімізде көліктің жол апатына түскен-түспегенін тексеретін сервис жұмыс істей бастады

Дата: 22 мая 2023 в 11:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Елімізде көліктің жол апатына түскен-түспегенін тексеретін сервис жұмыс істей бастады
Стоковые изображения от Depositphotos

Көліктің жол апатына түскен-түспегенін тексеретін сервис көлікті сатып алмастан бұрын жол-көлік апатына түскен-түспегенін қосымша тексеруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Автокөлік тарихы» сервисін жетілдіруді жоспарлап отыр. Оны «Бірыңғай сақтандыру деректер базасымен» біріктіру көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын қосымша тексеруге мүмкіндік бермек№

Бұл сервис іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар екі миллионнан астам көлік құралын тексерді. Сервис Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн-режимде көруге мүкіндік береді, делінген хабарламада.

«Автокөлік тарихы» қызметі азаматтарға автокөлік сатып алғанда автокөліктің Қазақстанда алғаш тіркелген күнін, бұрынғы иелерінің санын, кепілдіктер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын көруге мүмкіндік береді.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями