Стоковые изображения от Depositphotos 23 маусым Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері кәсіби мерекелерін атап өтеді. Мемлекеттік қызметшілердің әрқайсысының адал және тиімді жұмысы, қорытындылай келгенде, біздің мемлекетіміздің қалыптасуына және дамуына әсер етеді. Мемлекеттік қызметші өз еліндегі тікелей міндеттерін орындаудан басқа, отбасында, қоршаған ортаға, адамдармен ортақ тіл табысуға және жан-жақтыға үлгі болуға тиіс. Бүгін біз Жамбыл облысы Әділет департаментінің мемлекеттік қызметтегі бас маманы, оның атқарып жатқан қызметі мен жетістіктері туралы бөлісеміз.
Жамбыл облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас-маманы Асель Бакытжановна Нурмаханбетова. Мемлекеттік қызметкер Асель Бакытжановна Нурмаханбетова жұмысына адал кәсіби біліктілігі жоғары деңгейде, жедел түрде ой қорытып, қандай да бір мәселелерді шешу жауапкершілігін өз мойнына ала біледі. Кез-келген берілген тапсырмаларды мейлінше жоғары түрде мерзімінде орындайды. Мінезі өте сабырлы, парасатты адамгершілік қасиеті сыртқы мәдениеті мен ішкі жан дүниесі жарасқан, арқашан қолдау көрсете біледі.
Асель Бакытжановна Нурмаханбетова ұжымда абыройлы өзін жақсы жағынан көрсете біледі. Қызмет барысында, ішкі қызметтік тәртіпті этика нормаларын сақтау жөнінен әріптестері арасында үлгілі, адал қызметшілер санатынан көріне білді. Кәсібилік пен әдептілігін, мемлекеттік қызметшінің тұтас имиджін көрсетті.
Құрметті әріптестер, 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің әлеуетін артып, қарыштап дамуы үшін аянбай қызмет атқарып, биік белестерді бағындырып, жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспіз.
Жамбыл облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Сағындық Алмас.
По сообщению сайта Магнолия