Популярные темы

Абай гарнизонының әскерилері дене даярлығы байқауында шеберліктерін көрсетуде

Дата: 11 июля 2023 в 15:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай гарнизонының әскерилері дене даярлығы байқауында шеберліктерін көрсетуде
Стоковые изображения от Depositphotos

Аталмыш сайыста  гарнизондағы  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшылығы басқармасы, әскери полиция басқармасы,  сондай-ақ 28738, 44793 және 32388 әскери бөлімдері сынға түсті, — деп хабарлайды деп Arnapress.kz тілшісі өңірлік қолбасшылықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеке құрамның дене дайындық деңгейімен қатар  құжаттаманы жүргізу тәртібі, оқу-жаттығу және спорттық даярлық жағдайын бағалау үшін  Бас штабтың жауынгерлік даярлық департаменті  дене даярлау басқармасының аға офицерлері майор Олжас Сердалиев пен подполковник Серік Давлеталиев спорттық шараға арнайы қатысты.

Дайындық деңгейі физикалық жылдамдық, күш және төзімділік қасиеттерімен сарапталды. Әскери қызметшілердің жылдамдығы жүгірумен қатар кедергілерден өту жаттығуларында сыналса, алып күштің әлеуеті 24 келі гір тасын жұлқа көтеруде айдан-анық белгілі болы. Әскери қызметшілердің болаттай берік, темірдей төзімділігі  автоматпен 1 ​​км, 3 км және 5 км маршқа жүгіруде бағаланды. Бұл жаттығулардан кейін барлық әскери қызметшілер қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетуге білек сыбанды.

— Дене шынықтыруды үздік ұйымдастыруға арналған бұл байқау жыл сайын өткізіліп келеді және әскери қызметкерлердің дене дайындығының деңгейін арттыруға септігін тигізеді. Әскери қызметшілердің спортпен белсенді айналысып, шын мәнінде үздік екендіктерін дәлелдеуге үлес қосып жүргенін дәл осындай шаралардан анық байқауға болады, – дейді жауынгерлік даярлық департаменті дене шынықтыру бөлімінің аға офицері майор Олжас Сердалиев.

Еске салайық, байқауға нәзік жанды  әскери қызметшілер де қатысып, ерлермен тең дәрежеде өнер көрсете білді. Жарыс қыркүйек айына дейін жалғасады. Сайыс нәтижесі бойынша қыркүйек айының соңына дейін дене шынықтыру дайындығын үздің ұйымдастырған бөлімшелер анықталып, жеті аталым бойынша марапатталады.

Сурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями