Стоковые изображения от Depositphotos
Жұмыс және педагогикалық тәжірибе колледж және университет білімін қамти ма? Бұл сауал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында қойылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Еңбек министрлігі ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек өтілі – қызметкердің еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған күнтізбелік уақыт, сонымен қатар еңбек өтіліне кіретін басқа да кезеңдер, мысалы, жалақысы сақталмаған демалыс, оқу демалысы, уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі және т.б деп жауап берді.
«Сәйкесінше, қызметкердің еңбек қызметін жүзеге асыруға жұмсаған уақыт кезеңдерінің (қызметкердің жұмысқа қабылданғаннан бастап жұмыстан босатылғанға дейінгі еңбек қызметінің барлық кезеңінің жиынтығы), сонымен бірге еңбек заңнамасына кіретін өзге де кезеңдердің жиынтығы Кодекске сәйкес еңбек өтілі деп есептеледі», — делінген жауапта.
Бұл ретте, үкімет қаулысына сәйкес, мамандығы бойынша еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия белгілейтіні, оның құрамын тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетіні көрсетілген.
Мамандық бойынша жұмыс өтілін белгілеу туралы комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Шешімнен үзінді көшірмелер екі данада дайындалады және беріледі: бір данасы – кадр қызметіне, екіншісі – бухгалтерияға. Мамандық бойынша еңбек өтілін есептеудің, мамандықтардың сәйкестігін белгілеудің әр нақты жағдайы бойынша шешімді еңбек өтілін белгілеу жөніндегі ұйымның комиссиясы да айқындайды.
Бұл ретте, министрлік педагогикалық өтілі білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлері үшін мамандық бойынша еңбек өтілін есептеу қағидаларымен реттелетінін айтты.
Сурет: pixabay
По сообщению сайта Arna Press