Популярные темы

Маңғыстау облысында кен орнындағы өрт екі айдан бері әлі өшкен жоқ 23 августа 2023, 06:30

Дата: 23 августа 2023 в 06:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Маңғыстау облысында кен орнындағы өрт екі айдан бері әлі өшкен жоқ
                23 августа 2023, 06:30
Стоковые изображения от Depositphotos

Маңғыстауда Қаратұрын кен орнында ұңғымадан шыққан өрт екі жарым айдан бері әлі өшкен жоқ. Салдарынан қоршаған орта ластанып жатыр, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Экологтар облыстағы ауа құрамын тексеріп, 2540 мг/м3 метанның шекті мөлшерден асып кеткенін анықтады.

«Компания өкілдері кен орындағы жағдай тұрақты, ал жанып тұрған алаудан қоршаған ортаға келетін зиян жоқ деп сендіріп әлек. Бірақ біздің мамандар сынамалар алды. Алғашқы нәтижесі белгілі. Енді жауапкершілік мәселесін көтеру үшін қоршаған ортаға келтірілген залалдың нақты келемі анықталады. Өрт толықтай өшірілгенде, тексеру жүргізіліп, айыппұл салынады», дейді облыстық экология департаментінің басшысы Руслан Түкенов.

Ақтау қаласынан 277 шақырымда орналасқан «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай кен орнында өрттің тұтанғанына 2,5 ай болды.

Ұңғымалардың бірінде жөндеу жұмыстары кезінде жер астынан газ-су қоспасы атқылап, өртке ұласқан. Мамандар оны өшірудің түрлі шарасын қолданды. Алайда жер ойылып, ұңғыма жер астына түсіп кеткен.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями