Популярные темы

Семейде ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерді еске алды

Дата: 29 августа 2023 в 20:08


Семейде ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерді еске алды
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгін Семейдің Бейбітшілік аралында полигонның жабылуына орай көпшілік «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қойып, ядролық сынақ құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Шараға өңір тұрғындары, қоғам белсенділері мен Жапониядан арнайы келген делегация қатысты.

«Мен Семейге алғаш рет 20 жыл бұрын арнайы Семей ядролық полигонын зерттеу үшін келдім. Себебі менің зерттеу бағытым атом радиациясы. Зерттеудің нақты нәтижелері туралы айту қиынырақ, себебі атом радиациясы адам ағзасына әр түрлі ықпал етеді. Бірақ, осы Семей полигонынан зардап шеккен адамдар мен Хиросимада зардап шеккендердің көрсеткештері ұқсас», дейді Хиросима университетінің профессоры Нурии Кикивана.

1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылған. 40 жыл бойы полигонда ядролық қарудың сынағын өткізген. Ал соңың маңындағы елдімекен тұрғындары әлі күнге дейін зардап шегіп отыр. Денсаулықтарына зиян келіп, сәулеленудің салдары тұқым қуалап, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырғанын айтады. 

«Егемендікті алғаннан кейін ең алғашқы істердің бірі осы полигонның жабылуы болды. Бүгінгі таңда белсенділер «Полигон 21» деген қозғалысты құрып, жұмыс істеп жатырмыз. Біздің мақсатымыз әділетті заң қабылдау. Бұрын қабылданған заңнын күшін жойып, түзетулер еңгізу. Себебі полигонның зардабын адамдар әлі де тартып отыр: қаншама адам жер аударылды, жерімізді улады», дейді қоғам белсендісі Марат Құрманбай.

Шара аясында халықаралық ядролық қарсы іс-қимыл күніне арналған көрме қойылды. Сондай-ақ, Абай облысының қалалары мен аудандарында түрлі акция, көрме, коференциялар ұйымдастырылды.

Сурет: автордікі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями