Популярные темы

Қазақстанда асырап алынған баланы қайта балалар үйіне қайтару жиілеген

Дата: 07 сентября 2023 в 16:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда асырап алынған баланы қайта балалар үйіне қайтару жиілеген
Стоковые изображения от Depositphotos

Сенат депутаты Амангелді Толамісов 7 қыркүйекте палатаның жалпы отырысында Қазақстанда асырап алынған балаларды балалар үйіне қайтару мәселесі өзекті болып тұрғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Елімізде бала асырап алғысы келетіндер санының азаймай отырғанына қарамастан, асырап алынған балаларды балалар үйіне қайтару мәселесі өзекті күйінде қалып отыр: кейінгі бес жылда асырап алынған балаларды балалар үйіне қайтару жағдайы көбейген. 64% өсті», — деді депутат Амангелді Толамісов.

Ал мұндай фактілер, депутаттың айтуынша, ата-аналарға заңда жауапкершілік қарастырылғанына қарамастан болып отыр. Олар 75 АЕК көлемінде материалдық көмекті мемлекетке қайтару, алимент төлеу және екінші рет бала асырап алу мүмкіндігінен айыру.

Осы орайда ол бала асырап алуға ниет білдірген азаматтармен жұмыс істейтін орталықтар желісін кеңейту, сонымен қатар әлеуметтік қызметкерлердің санын арттыру қажет екенін айтты.

«Сонымен қатар асырап алушылардың асырап алынған баланы қайтаруының құқықтық салдары туралы ақпаратты енгізуді ұсынамыз. Ата-аналарға арналған мамандандырылған мектептер немесе орталықтар желісін кеңейту орынды сияқты. Асырап алынған баланы тастап кеткен тұлғалардың заңды жауапкершілігін, оның ішінде моральдық өтемақы көлемін және басқа да тетіктерді арттыру арқылы күшейту керек», – деп атап өтті Амангелді Толамісов.

Асырап алушылар туралы, олардың оқиғасы туралы хабарландыруларды арттыру да жағдайды жақсартуға көмектесуі керек деді сенатор. Сондықтан ол eGov.kz порталына тиісті ақпаратты енгізуді ұсынып отыр.

Сурет: pexels

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями