Популярные темы

Абай облысында полицейлері қарбыз ұрлаушыларды ұстады

Дата: 15 сентября 2023 в 16:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында полицейлері қарбыз ұрлаушыларды ұстады
Стоковые изображения от Depositphotos

Көкпекті ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын оның бақшасынан белгісіз адамдар 20 қарбыз ұрлап кеткенін хабарлады, деп жазды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуы бойынша осы жылдың мамыр айында ол өзінің бақшасына 80 қарбыз отырғызған, күн сайын бақшасын суарып, күтіп баптаған.

Мәселе шығында емес, еңбекте, — деп ашынды қарбыз иесі.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы ауылдың кәмелетке толмаған 10 тұрғынын анықтады (олардың бесеуі 14 жасқа толмаған). Олар өздерінің кінәларын мойындады. Тентектер қарбыздарды жеп қойған. Қазіргі кезде 14 жасқа толған 5 кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Барлық жасөспірімдерді ювеналды полиция бақылауға алды, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде, олардың мақсаты заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру.

Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями