Популярные темы

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 20 млрд теңге бөлінеді

Дата: 19 сентября 2023 в 18:18 Категория: Новости экономики


Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 20 млрд теңге бөлінеді
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанда отандық өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне «Жасыл Даму» АҚ қаражатынан 20 млрд теңге бөлінетін болады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақындағы халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынын арттыруды тапсырды.

Бөлінген қаражатқа фермерлер лизингке 500-ден астам техника сатып ала алады: шамамен 80 комбайн және 450 трактор.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылғы тамызда еліміздің машина-трактор паркін жаңарту мақсатында ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингінің жаңа бағдарламасы іске қосылды.

Мәселен, өткен жылы 900-ге жуық аграрий қысқа мерзімде бастапқы жарнасыз жылдық 6% мөлшерлемемен лизингке 1 053 техника сатып алды: 176 комбайн мен 877 трактор. Бұл ретте жаңа техника 2022 жылғы егін жинау науқанына уақытылы қатысты.

Айта кету керек, лизингке техникалық регламенттерде белгіленген экологиялық талаптарға сай келетін және барлық қажетті сәйкестік сертификаты бар техника беріледі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша жалпы ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингінің жыл сайынғы көлемі 170 млрд теңгеден асады.

Сурет: unsplash

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости экономики
Поделитесь новостью с друзьями