Стоковые изображения от Depositphotos
Бүгін Отбасы банк «Табысты» деп аталатын жаңа тарифті іске қосқанын хабарлады. Бұл депозит тарифі, бірақ шартында айырмашылық бар. Оны қазіргі бағадрламалармен салыстырып көрдік.
Ең танымал әрі стандарт түрі — «Баспана». Оның мөлшерлемесі 2 % (миллион салсаңыз, 20 мың сыяқы аласыз + мемлекет беретін 130 мың (максимум)).
Несиеге тұрғын үй алу үшін депозит ашып, үш жыл ішінде баспана құнының 50 %-ын жинау керек. Мөлшерлемесі — 5 %. Бұл схеманы көп адам 50/50 деп атайды. Жарты соманы ертерек жинаған үміткер мерзімінен бұрын пәтер алуға құқылы. Ондай жағдайда аралық қарыз рәсімдейді.
«Табысты» тарифі «Баспананың» орнын баспайды. Үміткер екеуінің бірін таңдай алады.
«Крыша» сарапшылары оның негізгі ерекшелігін байқады. «Табысты» арқылы мерзімінен бұрын пәтер алу мүмкін емес. Жалғыз жолы — кем дегенде үш жыл қаражат жинау.
Үш жыл ақша жинау керек. Депозит мерзімін ұзартуға да болады.
Банк өкілдері «Табысты» тиімдірек екенін атап өтті, себебі мөлшерлемесі жоғары:
— «Табысты» — 5.5 %.
— «Баспана» — 2 %.
Алайда ипотека пайызы да жоғары:
— «Табысты» — 8.5 % (тиімдісі — 8.8 %).
— «Баспана» — 5 %.
Екі депозит арасында 3 % айырмашылық бар. Одан көп болуы мүмкін де емес, өйткені тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңда солай бекітілген.
Банк мемлекет сыйақысын (20 %) қосқанда, тиімді мөлшерлеме 17.1 %-ға жетеді деп мәлімдеді.
Сома, мерзім
«Табысты» депозиті бойынша жиналатын соманың ең төмен шегі — 6 млн теңге. Яғни, қарыз алу үшін 6 млн және одан көп ақша жинау қажет. «Баспана» тарифінде ондай талап жоқ.
Несие мерзімі қысқарды ма: «Табысты» бойынша кредит мерзімі 5 жылдан аспайды, ал «Баспана» арқылы ипотека ең көбі алты жылға рәсімделеді.
Бағалау көрсеткіші (БК)
Ол төмен болса, ипотека рәсімдеу мүмкін болмайды. Оның көлеміне қаражат жинау мерзімі, режимі, түскен сома, т.б. ықпал етеді.
Бұрынғы бағдарлама бойынша 16 жеткілікті болатын.
Үйге қатысты талаптар
Бірінші нарықтан да, қолдан да үй алуға мүмкіндік бар. Жалғыз шектеу — «Табысты» тарифі арқылы мемлекеттік бағдарлама мен «Өз үйім» бағдарламасына қатысатындар несие ала алмайды.
Бір депозиттен екіншісіне өтуге рұқсат жоқ.
Отбасы банк тарифті мөлшерлемесі тиімді депозит ретінде ұсынып отыр. «Баспананы» да кезінде солай таныстырған (14 %). Бірақ бұл ақша салған адам өз қаражатының үстінен 17.1 % табыс табады деген сөз емес.
Банк оған мемлекет беретін 20 % сыйақыны қосып есептеді. Бірақ 200 АЕК жинағанда ғана ел қазынасынан ақша бөлінетінін ұмытпаған жөн. Биыл мемлекет аударатын максимал сыйақы — 138 мың теңге. Ол жылына бір рет беріледі.
По сообщению сайта Крыша