Стоковые изображения от Depositphotos
Krisha.kz-тің аналитика қызметі биыл Қазақстанда жалға берілетін пәтер бағасы біршама тұрақты болды деп хабарлады.
Қаңтар мен сәуір аралығында 3.5 % арзандаса, мамыр мен қыркүйек аралығында 12.8 % өсім көрсетті. Қазан айында баға тағы түсті.
Қыстың алғашқы айында қарашамен салыстырғанда 2 % арзандады.
Бұл құбылыс Krisha.kz мониторинг жүргізетін 13 қаланың (2024 жылы қала саны артады) 8-інде байқалды.
Жалға берілетін пәтер құны түскен қалалар:
Ақтау, Павлодар, Көкшетауда баға бірқалыпты болды.
Петропавл мен Ақтөбеде 1 және 2 % қымбаттады.
Ең қымбат баспана Алматыда: 1 шаршы метрі 5.7 мың теңге тұрады.
Ең арзаны Ақтауда: 2.5 мың теңге.
Ел бойынша орташа баға — 3.2 мың теңге.
Алдағы айларда да біз сөз етіп отырған нарықта көп өзгеріс болмайды деген болжам бар.
26 желтоқсандағы мәліметке сүйенсек, Қазақстанда орташа баға қаңтардағыдан 4.5 % жоғары.
Қызығы, қаңтардан бері Алматыда ғана пәтер құны аз да болса түскен. Басқа шаһарларда 3-14 % көтерілді.
Қала
Желт., тг/ш. м
Қараша., %
Қаңтар., %
Алматы
5 682
–2
–1
Астана
3 947
–1
3
Ақтау
2 500
0
0
Ақтөбе
2 644
2
10
Атырау
3 000
–3
0
Қарағанды
3 077
–2
3
Қостанай
3 228
–3
11
Павлодар
2 930
0
14
Петропавл
2 576
1
3
Орал
2 556
–6
0
Өскемен
2 941
–6
3
Шымкент
2 632
–5
8
Көкшетау
2 941
0
4
Қала
1-бөлм., тг
2-бөлм., тг
3-бөлм., тг
Алматы
200 000
320 000
400 000
Астана
160 000
220 000
350 000
Ақтау
110 000
150 000
180 000
Ақтөбе
120 000
150 000
200 000
Атырау
130 000
180 000
200 000
Қарағанды
120 000
152 500
190 000
Қостанай
130 000
160 000
180 000
Павлодар
120 000
150 000
150 000
Петропавл
100 000
120 000
140 000
Орал
110 000
130 000
170 000
Өскемен
100 000
150 000
180 000
Шымкент
110 000
140 000
170 000
Көкшетау
140 000
150 000
170 000
Қонаев
130 000
160 000
170 000
*Медианалық көрсеткіш қолданылады
По сообщению сайта Крыша