Стоковые изображения от Depositphotos Казакстан Республикасының мемлекеттік тілі казақ тілі. Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердін бірі. Қазақ тілі қазақ халкының ана тілі. Тіл — халықтың рухани және мәдени байлығының дамуының құралы. Тіл адамдардың карым-катынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы екендігі сөзсіз. Тіл ұлт пен ұлтты татуластыратын ерекше қатынас құралы. Казакстан халкын топтастырудың аса манызды факторы мемлекеттік тілді менгеру. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, рухани мұрамызды сақтау, біздің ұлттық тіліміз — бұл барлық халықтың құндылығы болып табылады.
Мемлекеттік тіл, қазақ тілі — мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік баскару, зан шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында Казакстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі екендігі, Президентіміздің мемлекеттік тілді жан — жакты дамытуға басты назар аударуы да үлкен іс. Сол себептен азаматтардың кукык коргау органдарының қылмыстық, әкімшілік сот ісін жүргізудегі тілін тандау құқығын сактау бөлігінде мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту де біздің тарапымызға берілген тапсырма десек болады.
Тараз каласы №2 сотында мемлекеттік тілді колдану аясын кеңейту мақсатында жиындар, семинарлар, дөнгелек үстелдер мен өзге де іс-шаралар мемлекеттік тілде жүргізілуде.
Сотка кіріберіс фойелерде арыз-шағымдардың мемлекеттік тілдегі (және қосалкы орысша) үлгілері қолжетімді. Соттар арасындағы хат алмасу, талдау, қорытындылар, тапсырмалар мен оларға жауаптар қатаң түрде тек мемлекеттік тілде ресімделеді.
Мемлекеттік тілдегі істерді, материалдарды карау және тапсырмаларды орындау бойынша ұлты казак судьялар мен сот кызметкерлеріне тең жүктелген. Соттарда атқарылған іс шаралар, жетістіктер жөніндегі мәліметтерді БАҚ-да басым бөлігі мемлекеттік тілде жарияланады.
Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу тергеу жүргізетін кұкық қорғау органдарына тікелей байланысты болғандықтан, біз прокуратура, кұкық коргау органдарымен және басқа да мемлекеттік мекмелермен біркатар іс — шаралар жүргізіп, сотка келген тараптарга мемлекеттік тілді мүлдем білмеген жағдайда ғана ресми тілде сотка жүгінуге, ал мемлекеттік тілді игере отырып іс-кұжаттарын ресми тілде дайындауға жол бермеуге, кұжаттар айналымын
мемлекеттік тілге толық көшіруге ыкпал тигізуге шакырып отырамыз. Биылғы жылдың қорытынды статистикалық мәліметіне сүйенсек, сотымыздың іс жүргізуіндегі:
Ішкі кұжаттар саны 551, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі — 540
кұжат боп табылып, 98%-ды құраған.
Кіріс кұжаттар саны 16821 болса, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі — 15116-ны кұрап, пайыздық көрсеткіш — 91%-ды көрсетті.
Шығыс құжаттар бойынша барлыны 19280 кұжат, оның ішінде мемлекеттік тілдегі кұжаттар саны 19144-ті кұрап, 99%-ды көрсетті.
Ал, қылмыстық істерге келетін болсақ, 2023 жыл бойынша жалпы саны — 552 қылмыстық іс сотқа келіп түскен, оның ішінде мемлекеттік тілде түскен істер саны 312-ні құрайды, пайыздық көрсеткіш — 56,5%.
552 істің 489-ы каралып, шешім шығарылған. Оның ішінде мемлекеттік тілде қаралған істер саны 296-ны құрайды.
Түскен материалдар саны 4136, мемлекеттік тілдегісі — 2224. 207 материал қайтарылған, оның 104-і мемлекеттік тілде.
Қаралған материалдар саны 3924, мемлекеттік тілдегісі — 2119, пайыздық көрсеткіш — 95%.
Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру аясында сот 4 семинар-сабак, 2 дөнгелек үстел өткізіп, 2 рет радисұхбат беріп, басылымдарға 2 мақала жариялаған.
Жоғарыдағы статистикалық ақпараттарға сүйене отырып, алдағы 2024 жана жылда сот жүйесінде мемлекеттік тілдің колданылу аясын 100% көтеруге үлес қосуға бар күшімізді саламыз деген ойдамыз.
Тараз қаласы №2 сотының судьясы Қ.Дунбаев
По сообщению сайта Магнолия