Популярные темы

Елена Рыбакина Брисбен турнирінің финалына шықты

Дата: 06 января 2024 в 13:38 Категория: Новости спорта


Елена Рыбакина Брисбен турнирінің финалына шықты
Стоковые изображения от Depositphotos

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 40-орында тұрған 19 жастағы чехиялық Линда Носковамен шеберлік байқасты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Осыған дейін қос теннисші былтыр Франция ашқ чемпионатында кездесіп, онда Елена 6:3, 6:3 есебімен жеңген еді.

Бұл жолы бірінші партияны қазақстандық спортшы қарқынды бастады — 3:0. Сол басымдылығынан сет біткенше айырылған жоқ — 6:3.

Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте Рыбакина брейкпен алға шықты. Содан кейін тағы бір брейк жасап, матчты жеңіспен түйіндеді — 6:2.

Бәсеке барысында Елена 8 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жіберген жоқ.

Елена Рыбакина финалда қос белоруссиялық, әлемнің 2-ракеткасы Арина Соболенко немесе рейтингте 23-сатыдағы Виктория Азаренконың біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.

Сурет: ktf.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости спорта
Поделитесь новостью с друзьями