Популярные темы

Семейдегі колонияда сотталған ағаш шебері мешітке өз қолынан сый жасады

Дата: 09 января 2024 в 11:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейдегі колонияда сотталған ағаш шебері мешітке өз қолынан сый жасады
Стоковые изображения от Depositphotos

Семейдегі колонияда сотталған ағаш шебері мешітке өз қолынан сый жасады, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотталған азамат құран кітабына арналған қобдиша мен ағаштан 3D картинасын өз қолымен жасап, Семей қаласындағы мешіт қызметкерлеріне әкімшілік арқылы табыстады.

– Менің сүйікті жұмысым – мені құтқаратын және мені бақытты ететін нәрсе. Менің сыйлықтарымды ризашылықпен қабылдайтын қоғаммен байланыс орнатуға мүмкіндік берген мекеме әкімшілігіне мың мәрте алғыс айтамын, – дейді сотталған Н.

– Тағдыры қиын, темір қапаста отырғанына карамастан, осындай керемет дүниелерді жасауға ниет еткен азаматқа рахметтен басқа айтарымыз жоқ. Күндеріне жеңілдік беріп аман есен үйіне оралуына тілектеспіз, – дейді мешіт имамы Ерлан.

Айта кетейік, сотталған Н. колонияда төрт жыл жұмыс істеген уақытында, Семей қаласындағы балалар үйіне жұмсақ жиҺаз, балаларға арналған ойыншық аттар, ойын-сауық үстелін жасап берген.

Сондай-ақ қатерлі ісікпен ауырып, химиотерапиядан өтіп жатқан әйелдерге қораптар, косметикаға арналған қарындаштар сыйлаған болатын.

Сурет: Polisia.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями