Стоковые изображения от Depositphotos Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңының 4 — бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi — қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Осы Заңымызда «Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен ұлттың болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты» екені көрсетілген. Қазақ тілі – бұл мемлекетіміздің, қазақ халқының – ана тілі. Ана тілі – халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқалы бері, қазақ тілі өмір сүріп келеді. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл — халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл – өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Ата Заңда «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп анық та айқын жазылған.
Тіл туралы көптеген ақын-жазушыларымыз рухты да, жалынды, тереңнен түсінетін қанатты сөздер жазып қалдырған. XX ғасырдың басында ғұлама-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың жоғалуына себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл, сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп еді. Туған тіліміз – халқымыздың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінгі жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелейтін ең басты қазынамыз.
Г. БУЛЕГЕНОВА, Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы
По сообщению сайта Магнолия