Стоковые изображения от Depositphotos
Арман Жүдебаев мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Әділханұлы Жүдебаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінен босатылды», — делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ол бұл қызметке 2023 жылғы шілдеде тағайындалған еді.
Арман Жүдебаев 1986 жылы href="https://aqparat.info/city/36870-almaty.html">Алматы облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы «Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РМҚК-да аспаптар оркестрінің әртісі болып бастаған.
2009-2011 жылдары «Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ дирижерлеу кафедрасында оқытушы,
2011-2013 жылдары «Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ оқытушысы, аға оқытушысы,
2013-2018 жылдары «Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ бас дирижері,
2018-2023 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болды.
2023 жылғы мамырдан шілдеге дейін Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2023 жылғы шілдеде мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметі тағайындалды.
Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press