Популярные темы

ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ

Дата: 31 января 2024 в 12:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ
Стоковые изображения от Depositphotos Қылмыстық процестің мiндеттерi:
1.Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды бейтараптықпен, тез және толық ашу, тергеп-тексеру, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану, адамдарды, қоғамды және мемлекетті қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғау қылмыстық процестің мiндеттерi болып табылады.
2. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзудiң заңда белгiленген тәртiбi адамды және азаматты негiзсiз айыптау мен соттаудан, оның құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, ал кiнәсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда, оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртiпті нығайтуға, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға ықпал етуге тиiс. ( ҚР ҚПК, 8-бап) 
Қылмыстық процестің қағидаттары және олардың мәнi: 
1. Қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін іске асырудың жалпы шарттарын және қылмыстық процестің өзінің алдында тұрған міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін қылмыстық процесс сатыларының, институттары мен нормаларының жүйесі мен мазмұнын айқындайтын оның іргелі бастаулары қағидаттар болып табылады.
2. Қылмыстық процестің қағидаттарын бұзу оның сипаты мен елеулі болуына қарай процестік әрекетті немесе шешімді заңсыз деп тануға, осындай iс жүргiзу барысында шығарылған шешiмдердiң күшін жоюға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдемелік күшi жоқ деп немесе іс бойынша болып өткен іс жүргізуді жарамсыз деп тануға әкеп соғады. (ҚР ҚПК, 9-бап)
Заңдылық    1. Сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Кодекс, осы Кодекстің 1-бабында көрсетілген өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.
2. Соттар адамның және азаматтың Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқылы емес. Егер сот қолданылуға жататын заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт адамның және азаматтың Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, ол iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өтініш жасауға мiндеттi.
3. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде соттың, қылмыстық қудалау органдарының заңды бұзуына жол берiлмейдi және ол заңда белгiленген жауаптылыққа, заңсыз актiлердi жарамсыз деп тануға және олардың күшiн жоюға әкеп соғады.
4. Осы Кодекс нормаларының коллизиясы болған жағдайларда, олардың қылмыстық процестің қағидаттарына сай келетіндері қолданылуға жатады, ал нормаларда тиісті регламенттеу болмаған кезде сот ісін жүргізу мәселелері тікелей қылмыстық процесс қағидаттары негізінде шешіледі. ( ҚР ҚПК, 10-бап) 
Тараз қаласы №2 сотының судьясы Ж. Рамазанова

По сообщению сайта Магнолия

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями