Популярные темы

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі

Дата: 13 февраля 2024 в 16:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі
Стоковые изображения от Depositphotos Мемлекеттік қызметкер – бұл мемлекетіміздің бейнесі және айнасы болып табылады деп айтсақ та артық емес. Соған байланысты, мемлекеттік қызметкер — мемлекеттің өсуі мен өркендеуі оның еңбегінің нәтижесі екенін ұмытпауы тиіс. Мемлекеттік қызметкер деген биік дәрежеге жету және сол дәрежеге кір келтірмей ұстап өту — әр азаматтың басты міндеті. Тек бірігіп еңбек ету және мемлекеттік қызметкерлік этиканы орындау арқылы ғана біз осындай биік жетістіктер мен деңгейлерге жете аламыз. Мемлекеттік қызметкер үшін негізгі қабылданған әдеп нормаларын сақтау — өте басты мәселе, өйткені ол қызмет барысында тікелей қоғаммен жұмыс жүргізеді және әртүрлі тұлғалармен үнемі байланыста болады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкердің сыртқы бейнесі, киім үлгісі, іс әрекеті, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасиеттері — барлығы да адамға нұқсан келтірмейтіндей қызмет ету керек. Осы аталғандардың барлығын сақтау үшін этикеттің принциптерін ұстану керек. Мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс, үнемі салауатты өмір салтын ұстануы және отбасы құндылықтарын насихаттауы қажет. Бұдан басқа, жұмыстан тыс уақытта өзін рухани дамытуға да көңіл бөлуі қажет. Бұл ретте, адамның ар-намысына тіл тигізу, заңнаманы бұзу, қоршаған адамдардың тәртібі мен қауіпсіздігіне қол сұғу сынды адамгершілікке жатпайтын қылықтарға жол бермеу керек. Жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметші беделін түсіретін және қоғам тарапынан сын мен айыптау тудыратын жағдаяттардан аулақ болуы қажет.
Жамбыл облысы Әділет департаментінің маманы А.Бауржанқызы

По сообщению сайта Магнолия

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями