Популярные темы

Қазақстанның болашағы қазақ тілінде

Дата: 22 февраля 2024 в 14:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанның болашағы қазақ тілінде
Стоковые изображения от Depositphotos Қазақ тілі –  дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Өйткені бұл пікіріміздің растығын кезінде  кемеңгер Абай дәлелдеген болатын. Ол Пушкин, Лермонтов, Крыловтардың шығармаларын аударып бір дәлелдесе, солардай етіп сөздің майын тамыза жазу арқылы екінші рет дәлелдеді — деп баға берілген        «Жоғалып өшіп кеткен тілдердің қайта тіріліп  келмейтіні белгілі. Жаңадан тіл  пайда болмайды. Тілдердің пайда  болу дәуірі біткен. Сондықтан қазіргі  барымызды мәпелей білуіміз керек» деген жазушы Ш.Айтматов.
«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді. Әрі ол — ата-баба алдындағы ұлы парызымыз да» деп  президенттеріміз айтқандай, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатып, оның қолданылу аясын кеңейтуге, дамытуға ат салысу, сонымен қатар білім ордаларынан бастау алуы тиіс.
Ана тілі — ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын майлау. Ең жақсы адам – ана тілін құрметтеген адам. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Ана тілдің терең  иірімдеріне бойлай білу — саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол – туған жеріңді, еліңді, сүйікті Отаныңды сүйе білу деген сөз.
Біз қазақ деген ұлы халықпыз, тіліміз де, дініміз де тек қана өзімізге тән. Еліміздің іргесін шайқалтпай, босағасын берік ұстап тұрған осы біздің тіліміз бен  ұлттық салт-дәстүріміз. Менің ойымша, әрбір патриот жан елі, жері, тілі, ұлты үшін тер төксе, адал болып, құрметтесе, біздің елдігіміз баянды болмақ. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Әрбір адам өз тілінде, анасының ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс.
Г. КИТАШОВА, Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты әкімшісінің басшысы

По сообщению сайта Магнолия

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями

Читайте также