Популярные темы

Мемлекеттік сатып алуларда шетелдік тауарларды екі жыл бойына шектеу жоспарланып отыр

Дата: 06 марта 2024 в 14:58


Мемлекеттік сатып алуларда шетелдік тауарларды екі жыл бойына шектеу жоспарланып отыр
Стоковые изображения от Depositphotos

Мемлекеттік сатып алуларда шетелдік тауарларды екі жыл бойына шектеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық режимнен алу — бұл шетелдік әлеуетті өнім берушілердің белгілі бір тауарларын (атқарылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) мемлекеттік сатып алуға қатысуларына қол жетімділігін шектеу. Ол ішкі нарықты қорғау, ұлттық экономиканы дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында белгіленеді.

Басқаша айтқанда, жоба тек отандық тауар өндірушілерден сатып алуға болатын тауарлардың тізімін анықтайды.

Мәтінде былай делінген:

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде:

Осы қаулының 1-тармағында көзделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді тиісінше шығарған, орындайтын, көрсететін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат етілсін.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісім бойынша осы қаулы қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтарды көрсете отырып, құжатта көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітсін және осы тізбенің мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға ұсынылуын қамтамасыз ететін болады.

Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісім бойынша осы қаулы қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына сәйкес кодтарды көрсете отырып, құжатта көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді. Әсіресе, тамақ өнеркәсібіне қатыстысынү

Аталған қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданыста болады.

Жоба 2024 жылдың 20 наурызына дейін қоғамдық талқы үшін «Ашық НҚА» порталына орналастырылған.

Сурет: freepik

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями