Стоковые изображения от Depositphotos
Ақпанда қаңтармен салыстырғанда сатып алу-сату мәмілесі 3.7 %-ға төмендеп, 30 534 рәсімдеу жасалды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша мемлекеттік мониторинг жүргізілетін 20 өңірдің тоғызында сұраныс азайды.
Алматыда (—22.0 %), Ұлытау (—8.7 %) және Абай (—8.3 %) облыстарында көрсеткіш өте қатты төмендеді.
11 өңірде тұрғын үй сатып алуға сұраныс артты. Ең көп мәміле жасаған Павлодар облысы (+17.1 %), ШҚО (+15.2 %), Шымкент (+10.1 %).
Астанада мәміле саны 4.6 % өсті.
30 534 мәміленің 24 517-сі пәтерге, 6 017-сі жер үйге тиесілі.
Бір айда пәтерлермен операция 4.4 %-ға, ал жер үйлермен 0.8%-ға төмендеді.
Жер үй көбінесе Астанада (+65.7 %), Алматыда (+14.1 %), ШҚО-да (+9.4 %) көбірек сатылды.
Пәтерлерге келетін болсақ, сауданың негізгі үлесі Алматыға (24.3 %), Астанаға (23.5 %) және Қарағанды облысына (7.9 %) тиесілі.
Бөлме саны бойынша екі бөлмелі пәтер көш бастап тұр, ал қаңтарда бір бөлмелі пәтер көбірек сатылды.
Былтыр ақпанмен салыстырғанда мәміле саны 26.6 %-ға өсті. Өсім Маңғыстау (—18.3 %) және Ұлытау (—8.7 %) облыстарын қоспағанда, барлық жерде байқалады.
Максимал өсім Павлодар облысында (+75.4 %).
Астанада — +39.8 %, Алматыда — +52.1 %, Шымкентте: — +45.6 %.
Облыс
Ақпан, мәміле саны
Бір айда, %
Бір жылда, %
Қазақстан
30 534
–3.7
26.6
Абай
554
–8.3
8.6
Ақмола
1 077
8.7
21.4
Ақтөбе
1 191
4.8
3.3
Алматы облысы
1 671
–4.2
28.9
Атырау
919
–3.3
17.5
БҚО
853
8.8
26.7
Жамбыл
860
–2.3
8.3
Жетісу
665
–5.5
27.2
Қарағанды
2 297
1.0
6.9
Қостанай
962
2.1
22.9
Қызылорда
542
–1.8
2.5
Маңғыстау
1 359
0.7
–18.3
Павлодар
1 047
17.1
75.4
СҚО
510
0.2
44.1
Түркістан
1 074
–4.7
24.0
Ұлытау
242
–8.7
–8.7
ШҚО
954
15.2
10.3
Астана
5 882
4.6
39.8
Алматы
6 434
–22.0
52.1
Шымкент
1 441
10.1
45.6
По сообщению сайта Крыша