Популярные темы

Үкімет басшысы Қазақстанда қымбаттаған өнімдерді атады

Дата: 12 марта 2024 в 14:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Үкімет басшысы Қазақстанда қымбаттаған өнімдерді атады
Стоковые изображения от Depositphotos

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда қымбаттаған өнімдерді атады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«2 айдың қорытындысы бойынша инфляция жылдық мәнде баяулап, 9,3 пайыз болды. Бұл ретте оны 8 пайыз дәлізінде ұстап тұру міндеті тұр. Күріш, жұмыртқа, жемістер, сусындар, сары май және макарон өнімдерінің бағасы қымбаттаған», делінген хабарламада.

Бектенов бағасы өсіп кеткен позициялардың саны едәуір көп екенін айтты.

«Демек бұл орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді», деді Үкімет басшысы.

Үкімет басшысының айтуынша, осы бағыттағы жұмыста тұрақтандыру қорлары, форвардтық келісімшарттар, өнім құнын арзандатуды субсидиялау, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша сауда субъектілерімен келісімдер жасау сияқты пәрменді тетіктерді белсенді пайдалану керек.

Сонымен қатар, импортқа тәуелді өнім өндірісін кеңейту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруге арналған басым дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайту қажет.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями