Стоковые изображения от Depositphotos Өкінішке орай, қазіргі ХXI ғасыр жастарының басты мәселенің бірі, көңіл толғандыратыны өзі қазақ бола тұра қазақ тілінде сөйлеуге намыстанатыны, тілімізді шұбарлайтыны болып отыр. Ал бұл қазақтыққа жат нәрсе. Сонау қиын-қыстау кезеңде ата-бабаларымыз осы тілімізді сақтап қалу үшін өз жандарын құрбан еткенін қазіргі болшақ мәңгі есінде сақтауы керек.
Қазір бәріміз бейбіт, тыныш заманда өмір сүріп жатырмыз. Бірақ қолда бар асылымыз тілімізді бағалай алмай жатырмыз. «Өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиістіміз» деп Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқандай, айрандай ұйыған береке бірлігімізді сақтап, тәуелсіз Отанымыздың болашағын жарқын ету үшін, тілімізді қадірлеп, құрметтеуіміз керек. Дөңгеленген дүниеде қаншама ел бар өз ана тілінде еркін сөйлеуді аңсап жүрген, мұның қасында біздікі бекершілік. Абай, Ыбырай, Шоқан, Сұлтанмахмұт — олар бұрынғы өткен және осы күндегі елінен, ана тілінен безбеген, қазақ халқының адал, ақ ниет алдағы ұлдары-қыздары өз ана тілімен сөйлеп, жаза білген. Олар тіл шеберлігінен кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге, мысал, асыл мұра да қалдырған. Олар да орысшаны кем білген емес, Европаның атақты данышпан ақын-жазушыларын, бұлжытпай көркем түрінде, мүлтіксіз қазақ тілімен, өзінің нұсқасын артық болмаса, кем етіп аударған емес. Сол аудармаларға барлық шеберліктерімен, қазақ тілінің байлығын, икемділігін түгел пайдалана, жұмсай біліп, жеткізіп, ұрпақтан-ұрпаққа жатқа алынып, айтылып келіп біздің заманға жеткізгені, қазақ тілінің байлығы екендігі –бәрімізге аян.
Г. КУЛЖАБАЕВА, Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының жетекші маман
По сообщению сайта Магнолия