Популярные темы

Әдеп кодексін сақтау мемлекеттік қызметкердің басты міндеті.

Дата: 27 марта 2024 в 13:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Әдеп кодексін сақтау мемлекеттік қызметкердің басты міндеті.
Стоковые изображения от Depositphotos «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен қабылданған. Бұл Кодексте мемлекеттік қызметшілердің моральдық – әдептілік нормаларына сәйкес, әдептілік бейнесіне қойылатын талаптары, сондай-ақ мінез құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттығы, қызметтік қатынастардағы көпшілік алдындағы, оның ішінде бұқараралық ақпарат құралдарына сөйлеумен байланысты мінез – құлықтар стандарттары белгіленген. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мынадай қағидаттарға негізделеуі тиіс: адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану. Осыған байланысты, Жамбыл облысы Әділет департаментінде ағымдағы жылға әдеп кодексі талаптарының сақтауы, құқық бұзушылықтың алдын алуына бағытталған іс-шаралар бекітіліп, орындалуда.
Мемлекеттік қызметшілердің мінез — құлық стандартарының сақталуына жүйелік бақылау жүргізу, өз кезегінде мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы заңнама талаптарының және қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алу,  мемлекеттік қызметшілердің міндеттері, шектеулері, және мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі нормаларын сақтау жайлы және еңбек, орындаушылық тәртіптерін сақтау мәселелер, қызметшілердің жауаптылығы, мінез-құлқының жалпы стандарттары әрбір мемлекеттік қызметкердің қай кезде болмасын жоғары моральдық әдеп нормаларын сақтаулары бойынша атқарылатын іс-шаралар қаралған.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің моральдық – әдептілік нормаларына сақталуын Әділет департаментінің басшысымен бекітілген жоспарға сәйкес үнемі бақылауда, сондай-ақ департамент басшыларымен және қызметкерлерінің қатысуымен және басқа да мемлекеттік органдармен әдеп кодексі талаптарын сақталуы туралы үнемі кездесулер өткізіліп тұрады.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына сәйкес департаменттің барлық қызметкерлеріне қағидалары мен талаптары таныстырылып және басшылық тарапынан үнемі бақылауда. Департаментте жеке және заңды тұлғалардың арыз – шағымдарын қарау, олардың оң шешімін табуы тиісті заңдылықтарға сәйкес жолға қойылған. Сонымен бірге, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Департамент басшылығына кедергісіз жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында Департамент басшысы мен орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілді және «Сенім телефоны» жұмыс жасайды. 
Нурмаханбетова А. – Жамбыл облысы Әділет департаментінің бас маманы.

По сообщению сайта Магнолия

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями