Стоковые изображения от Depositphotos Бүгінгі таңда монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) болуы туралы хабарлама монополияға қарсы әсер ету құралын белсенді қолданады Яғни, іс жүзінде бұл құрал Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына жол бермеу үшін алдын алу шарасы ретінде қарастырылады.
Монополияға қарсы ден қою шаралары Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 226-бабында көрсетілгендей, монополияға қарсы орган белгіленген өкілеттіктеріне сәйкес: 1)нарық субъектілеріне: -осы Кодекстің нормаларын бұзушылықтарды тоқтату және (немесе) олардың салдарларын жою; бастапқы жағдайды қалпына келтіру; -осы Кодекске қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту; экономикалық шоғырлануды реттеу кезінде мәмілелерді бұзу немесе оларды жарамсыз деп тану арқылы олардың күшін жою қажеттігі туралы орындалуы міндетті нұсқамалар беруге; 2) мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту, бұзушылықтарды жою, сондай-ақ өздері жасасқан, осы Кодекске қайшы келетін келісімдер мен мәмілелерді бұзу, күшін жою немесе өзгерту және бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жасау туралы орындалуға міндетті нұсқамалар беруге; 3) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдануға; 4) сотқа талап қоюмен және өтініштермен жүгінуге, сондай-ақ соттар Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының қолданылуы мен бұзылуына байланысты істерді қараған кезде процестерге қатысуға құқылы.
М. ЖАНАТ, БҚДА Жамбыл облысы бойынша департаментінің тергеу бөлімінің бас маманы
По сообщению сайта Магнолия