Популярные темы

Қазақ тілі халқымыздың рухани байлығы

Дата: 18 апреля 2024 в 15:38


Қазақ тілі  халқымыздың рухани байлығы
Стоковые изображения от Depositphotos Қазақстан Республикасында тiл туралы Заңы 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды
Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi. 
Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, тiлдердi қолдануға және дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 
Тiл туралы заң Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. 
Қазақ тілі  халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Тіл байлығы — әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиісті. Тіл  халықтың жан-дүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын танытатын басты күш. Ұлт болмысын ұғындырып, жалпы жұртты төңірегіне топтастырушы, біріктіруші. Сондықтан мемлекеттік тілді білу  өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі деп қабылдаған жөн. Тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өзінің азаматтық міндетін атқарғанда ғана ол нәтижелі болатынына күн сайын көз жеткізіп келеміз.
Тіл білу қажеттілігі жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Өйткені, ана тілінің өмір сүру кеңістігін тілді сақтау, ал тілді сақтау ел тұтастығын сақтау. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады.
Ш. ИСМАИЛОВА, Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының бас маман – сот отырысының хатшысы

По сообщению сайта Магнолия

Поделитесь новостью с друзьями

Читайте также