Популярные темы

Абай облысынан 200-ге жуық әскерилер Оралға көмекке кетті

Дата: 23 апреля 2024 в 19:19 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысынан 200-ге жуық әскерилер Оралға көмекке кетті
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай гарнизонының әскери қызметшілері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға аттанды, деп хабарлайды Armapress.kz тілшісі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің Қарулы күштерінің әскери қызметшілері су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсетуді жалғастыруда.

Абай гарнизоны әскери бөлімдерінің 200-ге жуық әскери қызметшісі Батыс Қазақстан облысы Орал қаласына арнайы бортпен аттанды.

Су тасқынына қарсы көмек көрсетуге аттанған әскери қызметшілерге «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов нұсқаулық жүргізіп, аталған шараның маңыздылығына тоқталды.

«Өздеріңіз білетіндей еліміздің батыс аймақтарында су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қарулы күштердің әскери қызметшілері де тәулік бойы жұмыстар атқаруда. Тасқынның алдын алу мен салдарын жою шараларына абыроймен қатысып қайтуларыңызға тілектеспін», деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов.

Айта кетейік, бұған дейін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Үшарал гарнизонының 40398 әскери бөлімінен 300-ден астам әскери қызметші мен 15 бірлік техника Солтүстік Қазақстан облысына су тасқынына қарсы жұмыстарға көмек көрсетуге әскери эшелонмен аттанған болатын.

Сурет: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями