Популярные темы

Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендей бастады

Дата: 25 апреля 2024 в 10:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендей бастады
Стоковые изображения от Depositphotos

Облыста кейінгі тәулікте үйлерді су басу жағдайы тіркелген жоқ, деп хабарлайды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

КТК телеарнасының мәліметінше, Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының су басқан аудандарында полиция мен құтқарушылар аумақтарды тексеріп, үйде қалып қойған тұрғындарды іздеуді жалғастыруда. Орал қаласының айналасында бөгеттер салынып жатыр.

Сонымен қатар href="https://aqparat.info/city/99959-atyrau.html">Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде.

Қазірдің өзінде 30 мыңнан астам адам үйіне оралды. Бірақ әлі де эвакуация пункттерінде тұрып жатқандар да бар олардың саны 8,5 мың адам, оның 3718-і балалар.

Төтенше жағдайлар министрлігі бүгінгі таңда су басқан аумақтарда 11,5 миллион текше метрден астам еріген су сорылды деп хабарлады. Тұрғын үйлерді қорғау үшін 5,5 млннан астам құм қапшықтары мен 1,5 млн тонна инертті материал төселді.

«Шұғыл желіге 2205 қоңырау келіп түсті. Барлығы 32 мыңнан астам адам, 4 мың техника, 773 су сору техникасы, 294 су көлігі және 13 ұшақ апаттық-құтқару және су тасқынын жою жұмыстарына жұмылдырылды», деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері.

Сурет: ашық дереккөздерден 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями