Стоковые изображения от Depositphotos
Зейнеткер 60 жылдан кейін өзінің алғашқы махаббатымен бас қосты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
South China Morning Post газетінің ақпараты бойынша Чжоу Гуйлин Пекин университетінің Заң факультетінің студенті болған. Онда ол Ян Шугуймен кездескен. Білім ордасы қабырғасында басталған қарым-қатынас, оқу бітіргеннен кейін үзіліп қалған.
Чжоу өзінің туған қаласында мектеп ашып және оның алғашқы директоры болып, өмірін білімге арнапты. Оның және Ян Сюгуйдің де отбасылары болған.
Ғашықтар жұбайлары қайтыс болғаннан кейін қайтадан бас қосты. Қытай салтын сақтай отырып, кішігірім үйлену тойын өткізді. Мерекелік банкетке тек жақын достары мен туыстары қатысқан.
«60 жыл ішінде бірде-бір кітап біздің сағынышымыздың тереңдігін жеткізе алмады. Бір ғасырлық шынайы үміт, енді шам жарығымен біз алғашқы махаббатымызды қайта жазамыз», — деп жазылған өлең жолдары үйлену залында сезімнің шынайы көрінісі ретінде шашылып жатты.
81 жастағы қалыңдық билеп, ән айтты, ал жұбайы оны дәстүрлі қытай барабанында сүйемелдеді.
По сообщению сайта Arna Press