Популярные темы

Құтқарушылар Алматы тауларында өзін жайсыз сезінген туристке көмекке келді

Дата: 10 мая 2024 в 11:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Құтқарушылар Алматы тауларында өзін жайсыз сезінген туристке көмекке келді
Стоковые изображения от Depositphotos

Мамырдың 10-на қараған түні ҚР ТЖМ құтқарушылары Шымбұлақ шыңына шығу барысында өзін жайсыз сезінген туристке көмекке келді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомстваның хабарлауынша, 9 мамырда 4 адамнан тұратын туристер тобы Шымбұлақ шыңына (3450 м) көтерілген. Жоғарғы жаққа шыққан соң қыздың халі нашарлап, ол өздігінен түсе алмаған.Көмек көрсету үшін оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық есеп жіберілген.

Түнде РЖҚЖ құтқарушылары туристерге жетіп, екі қызға алғашқы көмек көрсеткен. Оларды РЖҚЖ көлігі тұрған жерге жеткізіп, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Алматы
Поделитесь новостью с друзьями