Популярные темы

Қазақстанның төрт қаласында ауа ластанады

Дата: 12 мая 2024 в 15:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанның төрт қаласында ауа ластанады
Стоковые изображения от Depositphotos

Синоптиктер бүгін, 12 мамырда Қазақстанның төрт қаласындағы ауада зиянды қоспалардың жоғары болатынын ескертті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, түнде Қарағанды, Балқаш, Теміртау және Атырау  тұрғындары мен қонақтарын қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіп тұр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы.

Мұндай ауа райы кезінде:

көшеде, әсіресе, тасжолдардың бойында жүруді азайту керек;

балалар мен жүкті әйелдер ұзақ уақыт серуендемегені жөн;созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиямен ауыратын адамдар өздерімен бірге дәрі-дәрмегін алып жүруге тиіс;

таза ауадағы физикалық белсенділікті шектеңіз;дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды жабық спорт кешендерінде өткізу керек.

Сурет: freepik

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями