Стоковые изображения от Depositphotos
Астана қаласы ПД Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Тергеу барысында ер адам қаланың сол жақ жағалауында орналасқан сауда үйлерінің бірінде телефондар жөндеумен айналысатыны белгілі болды.
Клиенттердің сенімін пайдаланып, күдікті бағалы гаджедтерді жөндеуге алып, кейін оларды ломбардқа өткізіп жіберген. Қазіргі уақытта полицейлер ер адамның алаяқтықтың төрт эпизодына қатысы бар екенін анықтады.
Iphonе 11, 13, 14 Pro, Samsung Galaxy S23 телефондарды олжа қылған алаяқ 150-500 мың теңге аралығында материалдық шығын келтірген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
По сообщению сайта Arna Press