Стоковые изображения от Depositphotos Сот кабинеті қосымшасы сот процесінің қатысушыларының өмірін жеңілдетті.
Қазіргі таңда адам өмірін жаңа технологиялар, интернет, әлеуметтік желілерінсіз елестету қиын. Цифрлық құжаттарды, жаңа банк картасын алу тәсілі онлайн қол жетімді болғандай, сотқа да талап арыз тапсыру рәсімі жеңілдетілді. Бұған бірден-бір дәлел «сот кабинеті» қосымшасы.
Сот кабинеті — Қазақстан Республикасы сот органдарының электрондық сервистеріне қол жеткізуге арналған бірыңғай терезе болып табылады.
«Сот кабинеті» электрондық өзара әрекеттесу арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдету, сондай-ақ тиімділікті қамтамасыз ету мақсатында, сот жүйесінің халыққа қолжетілімдігі мен ашықтығы үшін әзірленген.
Сот кабинетінің артықшылықтарына келер болсақ, біріншіден, сот кабинеті қазақстан азаматтары үшін сот органдарына талап арыздарын, өтінішхаттарын, құжаттарын тапсыру рәсімін жеңілдетеді. Демек, талап арызды жазып, тапсыру үшін қағаз бен қаламның қажеттілігі, құжаттардың көшірмелерін қағаз бетіне түсірудің керегі жоқ. Екіншіден, талап арызды тапсыру кезінде мемлекеттік бажды төлеу мақсатында банкке барып төлем жасаудың орнына бірден онлайн төлем жасау мүмкіндігі бар. Үшіншіден, пайдаланушы өзіне ыңғайлы кез келген уақытта іс құжатын, істің тарихын қарап, сот актісін басып шығара алады. Төртіншіден, сот актілерімен, сот практикасымен танысу мүмкіндігінің қол жетімділігі.
Бұл сервистің оң жақтары туралы көп айтуға болады, бірақ ең бастысы істің қаралу барысын бақылай алатын азаматтардың уақыты мен қаржылық шығындарын айтарлықтай үнемдеуі. «Сот кабинеті» ақпаратты уақытылы беру, құжаттарды жоғалту, соттың ыңғайсыз жұмыс кестесі, кезек, шағымдарды қабылдаудан бас тарту және осы сияқты т.б. мәселелерді шешеді.
Осылайша, сот кабинеті сервисі ең алдымен сот ісін жүргізуге қатысушылар үшін ыңғайлы және тиімді қызмет екенін түсінуге болады.
Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты әкімшісінің бас маман-сот отырысының хатшысы — Н.А.Аманжол.
По сообщению сайта Магнолия