Популярные темы

Спорттық гимнастикадан өткен турнирде Қазақстан екі алтын медаль иеленді

Дата: 27 мая 2024 в 11:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Спорттық гимнастикадан өткен турнирде Қазақстан екі алтын медаль иеленді
Стоковые изображения от Depositphotos

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы Болгарияның Варна қаласында өткен Challenger Cup турнирінде үш медаль иеленді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, тұтқалы ат снарядында Нариман Курбановқа тең келер ешкім болмады. Ол 15.433 ұпаймен жеңімпаз атанды. Күміс пен қоланы тиісінше Өзбекстан мен Хорватия спортшылары иеленді. 

Еркін жаттығуда қазақстандық Дмитрий Патанин 14.033 ұпаймен алтын жүлдегер атанды. Осы жаттығуда қола медальді тағы бір спортшымыз Салим Асанов (13.533) еншіледі. 

Айта кетелік, бұл Қазақстан құрамасының Олимпиада қарсаңындағы дайындық кезеңдерінің бірі саналады. 

Сурет: Оlympic.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями