Стоковые изображения от Depositphotos
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда атом электр стансасының құрылысын тағы кімге сеніп тапсыруға болатынын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Энергетика министрлігі басшысы қазір ведомство өкілдерінің АЭС салу мәселесі бойынша тұрғындармен және мүдделі тараптармен кездесулер өткізіп жатқанын атап өтті. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша үкімет шешім қабылдайды.
«Біз бірнеше өңірде тыңдаулар өткіздік, тұрғындар тарапынан бұл жобаны жүзеге асыруға үлкен қызығушылық пен қолдау көрсетіліп жатқанын байқадық, кейбір белсенділер ықтимал тәуекелдерге қатысты өз уәждерін айтты, бірақ бұл сұрақтардың барлығына жан-жақты жауаптар берілді», — деді Алмасадам Сәтқалиев.
Министр Қазақстанда атом электр станциясын кім сала алады деп жауап бермеді. Алайда ол Корея, Ресей, Қытай және Франция алдын ала іріктеуден өткенін мәлімдеді.
«Бірақ бұл тізім толық емес, сонымен қатар біз басқа мүмкіндіктерді, атап айтқанда шағын модульдік реакторларды салуды қарастырамыз.Онда бірнеше елдің – АҚШ қатысуы мүмкін, сонымен қатар жапондық өндірушілермен бірлескен жобалар бар», — деді Алмасадам Сәтқалиев.
2023 жылдың 1 қыркүйегінде Елбасы өз Жолдауында АЭС салу мәселесін жалпыхалықтық референдумда шешу керектігін айтқан болатын. Оның өтетін күні әлі белгісіз, бірақ кейін Орталық сайлау комиссиясы референдумға дайын екенін мәлімдеді.
Атом электр станциясын салуға әлеуетті орын ретінде href="https://aqparat.info/city/36870-almaty.html">Алматы облысындағы Үлкен ауылы таңдалды.
Сурет: Zakon.kz/Тамила Языкова
По сообщению сайта Arna Press