Стоковые изображения от Depositphotos
БҚО полицейлері «атышулы ұры» атағына ие 61 жастағы Ресей азаматының ел аумағына кіру фактісін анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство ақпаратынша, 19 мамырда ұсталған ер адам Орал қаласының полициясына жеткізілді. Қажетті тексеру іс-шараларын өткізгеннен кейін ол Қазақстан аумағынан Ресейге бағыт алып, көрші мемлекеттің құқық қорғау органдарымен құрықталды.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес Ресей Федерациясының сот органдарымен оған қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 210.1-бабы «Қылмыстық иерархияда жоғары дәрежені иелену» бойынша іс қаралуда, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
По сообщению сайта Arna Press